Арпа-күнделікті ас орнына пайданылған бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі іріңді бөртпелерді, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуын емдеуге қолданылған. Геморрой түйіндерін кетіруге көмектеседі.
Бұл ауру түрлерін емдеу үшін арпаның дәнін ағаш астауға салып, арық суымен дымқылдап, бетін жауып қараңғы жерге қояды. Ол 5-6 күнде бүршік жарып көктейді. Енді соны көлеңкеге жайып, толық кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 200 грамын 2 литр суға салып, жарты сағат қайнатып, тұндарып сүзеді. Үстіне 150 грамм алма сірке суын құйып, шайқап араластырады. Дайын болған дәріні күніне 4-5 рет 2 ай ішу керек.