-Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыздар. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Кез-келген шаруаны ойдағыдай іске асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам құзыретті бола алмайды.
-Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, әрдайым оларға жетекші болады.
-Ерлік жасай біліңіз. Яғни өзгелердің дәті бармайтын, қолынан келмейтін жауапты, маңызды істерді, қадамды сіз жасай алуға тиіссіз және оны өзгелер іштей сезінуге тиіс. Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді.
Міне, осы бірнеше қасиет кім-кімді де жүрген ортасында сыйлы, қадірлі етумен қатар өзгелерден көш ілгері болуына көмектеседі. Олай болса, бойыңыздан осы қасиеттерді табуға, оны шыңдауға тырысқайсыз.