Таймас шешен бір досының кісі барғанда сыйламас, салақ қатынын көргенде мынаны айтыпты:
Атың жаман болса,
Қамшылай, қамшылай,
Дәрменің кетер.
Балаң жаман болса,
Айқайлай, айқайлай,
Қадірің кетер.
Қатының жаман болса,
Кедейлік жуық болар,
Шайың сұйық болар,
Наның күйік болар,
Көңіліңе қайғы толар,
Үйіңнен мейман кетер,
Кедейлік қуып жетер.