Өкпе қабынғанда қамырды ашытып, оған 100 г сіркесуын (уксус), 100 г өсімдік майын қосып, илейді. Осы қамырды науқастың көкірегіне қойса болады.
Н. Фролованың емдеу тәсілі
1. Өгейшөптің (мать и мачеха) 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға қосып, 30 минут тұндырып қояды. Суығаннан кейін күніне 5 рет ішу керек.
2. Сібір шыршасының қылқандарының 4 ас қасығын 2,5 стақан қайнаған суға қосып, 3 күн тұндырып қояды. Күніне 3 ас қасықтан 5 рет ішу керек.
3. Жүзжылдық шөбін ұнтақтап, 1 шай қасық тұз салып, суда біраз уақыт қойып қоясыз. Тамақтанар алдында 1 сағат бұрын 1 ас қасықтан ішеді. Күніне 3 рет.
Дегенімізбен дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.