Американдық ғалымдар тауық жұмыртқасының жаңа пайдалы қасиеттерін анықтаған. Олардың жасаған тәжірибесіне 3000 әйел қатысқан. Олар күнделікті таңертеңгі асқа тауық жұмыртқасын жеген. Осының нәтижесінде сынаққа қатысушы әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі азайған. Ғалымдар бұны жұмыртқаның құрамында май алмасу процесіне қатысатын холин деп аталатын заттектің көп мөлшерде болуымен байланысты деп есептейді. Сондықтан олар әйелдерге аптасына кем дегенде үш жұмытқа жеп отыруға кеңес береді.