Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті.
-Қай баласың?-дейді Шоң.
-Байдалының баласымын,-дейді бала.
-Байдалының мен көрмеген қай баласысың?
-Жалға жүріп бұланбаған баласымын.
Топқа түсіп сыналмаған баласымын.
Әкем тірі болды, ағам ірі болды,
Сондықтан билік құра алмаған баласымын,-дейді.
Сонда Шой балаға тура қарап: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады деген осы екен-ау»,-депті.