Сұрақ: Сүйелді кетіруге алма кетіреді деп естіп едім, рас па? Осы жөнінде қысқаша айтып берсеңіздер.
Айнұр, Өскемен қаласы
Жауап: Дәрігерлердің айтуы бойынша сүйелді кетірудің көп амалдары бар екен. Өзіңіз айтқандай соның біреуіне тоқталайық. Мамандар былай дейді: Күнде сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жаға бересіз. Сүйел бірте-бірте кішірейеді, соңынан ол қараяды да, бірте-бірте жоғалып кетеді.