Қойдың сүті қорғасын,
Қойды соққан оңбаған.
Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.
Арық қой тырысқақ,
Аш адам ұрысқақ.
Қой семізі-қойшыдан.
Қой өлсе-қозы болады,
Келер жылы өзі болады.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,
Құлағынан айрылыпты.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Көрмес, түйені де көрмес.
Жалғы
...
Толығымен (Подробнее)»