Кей уақытта аурудың пайда болуына өзіміз себепкер болатынымызды ескере бермейміз. Соның бірі-ұйқының бұзылуы. Ол үшін мына жайларды ескеріп жүруіміз керек:
-Кешкі ас ауыр болмауы керек.
-Таңертең ерте және бір уақытта тұру керек.
-Ұйқы кеткенде тұрып, келгенде жату керек.
-Салқын, қараңғы және тыныш жерде ұйықтау керек.
-Күннің жоспарларын төсекте ойламау керек.
-Белгілі уақытта емес, қажет болған уақытта жату керек.
-Спортпен шұғылдану маңызды, бірақ жатар алдында болмауы керек.
-Жатудан бұрын дене ақыл белсенділігін азайту керек.
-Ұйқы шақыратын дәріні өте қажет болмайынша қолданбау керек.
-Спиртті ішімдік ұйқы үшін шара емес, ешқашан қолданбау керек.
Бауыржан Ескелді,
Аягөз қаласы