Бүгінгі таңда компьютерсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ оның зиянды жақтары да жетіп артылады. Ең біріншіден, компьютер адамның көзін қызартып, шаршатып жібереді. Сондықтан кешкісін жұмыстан келген соң өзіңізге 10-15 минут уақыт беріп, көзге компресс жасаңыз. Ол үшін шикі картопты тілімдеп кесіп, екі қабағыңызға қойыңыз. Осылайша көзді жұмып, 5-6 минуттай жата тұрыңыз. Көзге арналған осы компресті күнделікті жасап отырсаңыз, көз жанарыңыз шаршамайтын болады.
Күнделікті көзге қара немесе көк шай тұнбасынан жылы компресс жасап отыру да өте пайдалы. Көзге кішігірім 2 дорбаша тігіп алып, оның ішіне шайды салып, қолданар алдында ыстық суға батырып алыңыз. Компресті жылы күйінде пайдалану керек. Сондай-ақ дәріханалық түймедақ гүлінен де компресс қоюға болады. Бұл компрестер көздің шаршауын басумен қатар көз айналасына түсетін әжімдердің алдын алады.
Зульфия Отарбаева,
Зырьян қаласы
...
Толығымен (Подробнее)»