Нақыл сөз
Аспан толған жұлдыздан-
Жарқырап туған Ай артық.
Жабы туған тұғырдан-
Қазанат туған тай артық.
Әділетсіз ұлықтан
Қайыры бар бай артық.
Түйе сойған жиыннан
Тоқты сойған той артық.
Тіл алмаған ұлыңнан-
«Сіз, біз!»-деген іні артық.
Кедектеп басқа келіннен
Кескектеген ит артық.
Көріп алған көріктіден
Көрмей алған текті артық.
Аттың несін мақтайын,
Алқалы топты жармаған?!
Түйенің несін мақтайын,
Алыс жолға бармаған?!
Адамның несін мақтайын,
Жауыздардың арын арлаған?!
Қатынның несін мақтайын,
Қағып төсек салмаған?!
Баланың несін мақтайын,
Атаның тілін алмаған?!
Қыздың несін мақтайын,
Айтса бір сөзден қалмаған?!
Молданың несін мақтайын,
Өлі менен тірінің
Бәрін бірдей жалмаған.
Бухараны сөгіп қайтейін:
Жаман-жақсы болса да,
Бір уақыт&
...
Толығымен (Подробнее)»