-Кемпір, әй кемпір! Екеуіміздің қосылғанымызға неше жыл болды?
-Биыл күзде елу бес жыл болады. Шал, оны неге сұрадың?
-Жастық шағым есім түсіп, сол кезді сағынып...
-Иә, шал, жас кезіңде тәп-тәуір жігіт едің. Екеуіміздің қора сыртында кездесетін кезіміз есіңде ме?
-Әрине есімде. Әй-шайға қарамай, сені бас салып сүюші едім, бетіңнен, алқымыңнан...
-Қазір сүйсең болмай ма, шал?..
-Болады ғой, ол үшін екеуіміз «свиданиеге шығуымыз керек.
-Шықсақ шығайық!
-Әй, кемпір, бір қызық болсын, ә! Мен сені далада, қораның сыртында күтемін,-деген қария тонын асығым киіп, үйден шығып кетеді.
Қыстың қақаған аязды кеші ғой. Қария қора сыртында он минут күтеді, кемпірі шықпайды, жиырма минут күтеді, кемпірі «Свиданиеге» келмейді. Сақырлаған сары аязда тона бастаған қария үйге қатып кірсе, кемпірі пештің түбінде бір өзі шай ішіп отыр.
-Әй, сен неге «Свиданиеге келмедің?!-дейді шал шатынап.
...
Толығымен (Подробнее)»