Кәдуілгі қиярымыздың көп сырлары күнделікті өмірімізде мән бермейтін тәріздіміз.
Мамандар пікіріне зер салыңыз.
Ерте кездерден бастап халық емшілері табиғи зәр айдайтын дәрмек ретінде өз науқастарына қияр шырынын берген. Сарыауру мен бауырдың өзге дерттеріне ескі қияр дәнінің қайнатпасын емге де колданған. Өкпенің құрт кеселінде өзін жақсы сезінуде және жөтелден арылуда қиярды көбірек жеуге кеңес берілген.
Қияр калориясы төмен диеталық азық. Онда сілтілі су көп болғандықтан, асқазандағы жоғарғы қышқылды сөлді бейтараптандырады, ақуыз бен майдың сіңімділігін жақсартады. Бұл әсіресе, артық салмақты жандар үшін маңызды. Екінші жағынан алғанда, минералды тұз бен калий, натрий жүрек бұлшық етіне, қан жолдарына, бүйрекке шипалы. Осы орайда, қан қысымы жоғары және буын ревматизмі дертімен ауыратын науқастар ас мәзіріне көкөністі көбірек қосқаны абзал.
...
Толығымен (Подробнее)»