Күйдіретін қалақай (жгучая крапива) тұнбасы: күйдіретін жас қалақайды дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынасында жақсылап араластырады. Қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын болған тұнбаға бинтті батырып алып, күйген жерге қояды.
Қалақайдың гүлдерінен жасалған тұнба: 30 г қалақайдың гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Соңынан сүзгіштен өткізіп алу керек. Дайын болған тұнбаны терінің сыртынан компресс түрінде қолданады.
Шіки картоптан жасалған компресс: тазартылған шикі картопты ұсақ көзді үккіштен өткізіп алу керек. Оны таза матаға орап, науқастың күйген жеріне қояды. Компресс жыли бастағанда, оны ыстығымен ауыстырып отыру керек.
Шикі жұмыртқа: терінің немесе ауырған аймақтарына шикі жұмыртқа жағу тиімді әсер етеді. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сарыуызы да пайдаланылады.
...
Толығымен (Подробнее)»