Сұрақ: Осы күнделікті ішетін суымызға хлорды неге қосады. Күнделікті күйбіңмен жүріп, ойланып қараса, нақтырақ білмейтін сияқтымын...
Әшім. Өскемен қаласы.
Жауап: Мамандар да, былайғы жұрт та ішетін суға немкетті қарауға болмайтынын ескертеді. Ауызсудың сапасына мән беріп отырған дұрыс Негізінен ортақ су көзін пайдаланғанда ішетін суға хлор, фтор қосылып, бактериалдық сәуле түсіріледі. Суда хлорлы әктің, сұйық хлор мен кремнефторлы натрий қосындысының мөлшерден асып кетпеуі және мөлшерге жетпей қалмауы тиіс. Бұл екі жағдай да адам денсаулығына қауіпті. Аталған қоспалар жетіспесе, тұрғындар арасына судан пайда болатын түрлі асқазан-ішек ауруының қоздырғыштары таралуы мүмкін. Ал фторлы препарат мөлшерден тыс көп болса, адам уланып қалуы мүмкін. Сондықтан халықты таза сумен қамтамасыз етудің с
...
Толығымен (Подробнее)»