Жеменей
Жеменейдің бардым тағы басына,
Тізе бүктім толқын сүйген тасына.
Ақындардың өлеңіндей сылдырап,
Ерке ағыс екпіндейді асыға.
Жағалауда әсерленіп көп тұрдым,
Маңдайымды самалына өптірдім,
Тал-теректер баяғыдай шулайды,
Қайда кеткен, думан қуған дос-құрбым?
Жеменейдің шарлап сая аңғарын,
Балалықтың қызығына қанғамын.
Бозбала боп үміт боп отын тұтатып,
Жігіт болып жалын атып, маздадым.
Ән айтқанмын жартастарды жаңғартып,
Жыр толғағам шабытыма жал бітіп.
Жүрегіндей толғанатын толқындар,
Сезімімдей мөлдірейтін таңғы шық.
Қиялымды қозғайтұғын ағысың,
О, Жеменей, жастығымның бағысың.
Жыл құсының
...
Толығымен (Подробнее)»