Буға піскен тағамдар іш құрылысы (асқазан, бауыр, бүйрек, т.б) ауыратындарға пайдалы. Диеталық тағамдардың көпшілігі буға пісіріледі. Буға піскен тағамдарды дені сау адамдардың де жеуіне болады. Ет, балық, көкөніс т.б дәмін, қош иісін жоғалтпай, дәрумендер мен минералды тұздары буға піссе де сақталады. Бүгінде тағамдарды бумен пісіретін арнайы ыдыс-аяқтар бар. Буға піскен тағам ағзаға сіңімді, калориясы төмен болады.
|