Аяқ киімнің қалыбын айыра білу Былғары аяқкиімнің қажетті номерін білу үшін табан ұзындығын сантиметрмен өлшейді, шыққан санды екіге бөледі де, оған табанның ұзындығын қосады, содан шыққан нәтиже сіздің аяғыңыздың қалыбы, мысалы, табанның ұзындығы 26 сантиметр, 26:2=16; 26+13=39, сөйтіп, бұл аяққа 39 номерлі аяқкиім керек. Аяқкиімнің жарылып кетуі Егер түсті аяқкиім жарыла бастаса, бұл оның былғарысы бүлінді деген сөз емес,-аяқкиімнің былғарысына жағылған май шаңмен араласып, бырысады. Оны скипидармен жуып кетіруге болады. Бұдан аяқкиім аздап қоңырқай тартқанымен, оның өңі едәуір жақсарады. Су өтпейтін аяқкиім Аяқкиімге парафинді сіңіре жағып, су өтпейтін етуге болады. Бұл үшін парафинді ұсақтап алып бензин құйылған бөтелкеге салып, парафин әбден ерігенше шайқап араластырады, содан кейін жұмсақ щетканы әлгі ерітіндіге батырып алып, аяқкиімге жағады. Кептірілгеннен (оттан алыс, далаға қойып кептіреді) кейін тегістерін тағы майлайды. Н. Федорова
|