Майлы бет күтімі. Майлы бетке ауа райының жайсыздығы, жел, суық онша қауіпті емес. Мұндай бетті күткенде бетке жиналған майды кетіруге көбірек назар аудару керек. Сондықтан бетті борнотимол немесе глицерин сабынымен жуу ұсылады. Суға бура немесе бор қышқылын қосқан да пайдалы (стақан суға жарты шәй қасық). Далаға шығар алдында бетке майсыз крем жағу керек. Майлы бетке опа жағу керек, опа беттің майын құртып және жел мен суықтан сақтайды.
|
"Бірі етек, бірі жең болған" деп басталатын қысқаша терме сөзінің айтылу себебін Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуы бойынша былай екен:…Абылай хан бастаған қалың қол Қоқан шапқыншылығының бетін қайтарып, үлкен жеңіске жетеді. Жерімізді қоқандықтардан азат етіп, бітім болған соң Абылай хан Орта жүз бен Кіші жүз батырлары бастаған әскерін елді-еліне қайтарады. Өзінің хан ордасында Ұлы жүз сарбаздарын ғана сақтап қалады. Осындай өзгерісті сезген қоқандықтар қайтадан бас көтере бастайды. Осы бір жағдайды күні бұрын болжап аңғарған Бұхар би Абылай ханға кейіп былай дейді:Бірі етек, бірі жең болған, Ежелден саған ел болған. Орта жүзден кісің жоқ, Найзасының ұшы алтын, Кіші жүзден кісің жоқ.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті.
Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны: Көлде жүрген қоңыр қаз Шөл қадірін не білсін. Шөлде жүрген дуадақ Көл қадірін не білсін. Тауда жүріп, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ордабай күлмей, кім күлсін! Б. Адамбаев
| |