|
Ақсаңнан биік тау болмас, Бауырынан қашқан күзен көрінбес, Ақшам батпай түн болмас, Ажал жетпей жан шықпас. Етекті кессең жең болмас, Ежелгі дұшпан ел болмас. Қара қойдың терісін, Сабындап жусаң ағармас, Қалған көңіл табылмас, Қараша торғай қаз болмас, Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан болмай боз болмас. Іштен қыңыр туғанда, Тезге салсаң түзелмес. Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас.
Құм жиылып тас болмас, Құл жиылып бас болмас. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. Дос болғанмен хош болмас. Екі жақсы дос болмас, Дос болса түбі бос болмас. Жақын жерден шөп жесе, Жердің сәнін кетірер. Ағайынның аразы, Елдің сәнін кетірер. Абысынның аразы, Ауыл сәнін кетірер…
|
|
Саясы жоқ байтерек Саздауға біткен талмен тең. Жақсы ағаңыз бар болса, Алдыңда сары белмен тең, Ағайының көп болса, Ұлық бір шеру қолмен тең, Ақылсызға сөз айтсаң, Алды бір тұйық жармен тең, Молдадан сабақ алсаңыз, Алуа, шекер балмен тең, Пайдасы жоққа жалынсаң, Семіз бір жемқор малмен тең, Жақсы қатын алсаңыз, Алланың жауған нұрмен тең, Жаман қатын алсаңыз, Маңдайға біткен сормен тең, Уайымшыл жігіттің Кең дүниесі тармен тең, Уайымсыз жігіттер Қара бұлан нармен тең, Жетесі жаман жігіттер Тоқсандағы шалмен тең. Жаманнан көрген қорлығың Көкірекке біткен шермен тең, Бір қалған соң көңілің Қаңтарда қатқан мұзбен тең.
|
Құрғақ бет күтімі. Құрғақ бетті желдің, ауаның түрлі ықпалынан сақтау үшін оны дұрыс күту керек. Бетті майландыратын масканың аса жақсы әсері болады. Оны әркім өзі-ақ жасап алады. Жұмыртқа сарысын бал мен глицеринге (бір-бір ас қасықтан) араластырып, бетке жағады, 10-15 минуттан кейін қайнатылған сумен жуады. Коньки және шаңғы спортымен шұғылданып жүргендер бетін ерекше күтуі керек. Далада көп жүргенде теріге суық зиянды әсер етеді: бет ширығып, қызыл, күрең-қызыл таңбалар шығады, күлкідеп, жылтырап тұрады, салқын болады. Кейде дуылдап қышиды. Бұл сияқтылардың алдын алу үшін, бетті суыққа дағдыландыру керек. Қысқы спортты сүйетіндер күнде кешке бетін ыстық және салқын сумен алмастырып жуу қажет. Коньки немесе шаңғы тебуге шығар алдында құрғақ бетке майлы крем жаққан дұрыс. Жалғасы бар…
|
Ертеде өмірі жаудан беті қайтпаған, ержүрек, намысқой бір батыр болған екен. Бір күндері үлкен қан майдан болып, әлгі батыр жаудан жеңіліп қасында бір жолдасы бар қашып келе жатады. Сонда жеңген жауы қуып, жете бере: -Жеңілдім де, әйтпесе найза саламын,-деп, найзасын қайта-қайта оқталып қойды. Қашып келе жатқан батыр "жеңілдім" деп өз аузынан айтуға намыстанып, қасындағы жолдасына: -Әй, аузыңа құм құйылып келе ме, ананың айт дегенін айтсаңшы,-депті. Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
| |