Воскресенье, 07.12.2025, 07:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Декабрь » 25
Еврей халқында өзім ұнататын мынадай қасиет бар: олар өзін-өзі зерттей, тани жүреді. Жастары білім алған соң он-он бес жыл түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды істеп өзінің  қабілетін, қандай іске қызығатынын өзі тексереді. Сөйтеді де жақсы білетін, жақсы көретін, осы салада өз мүмкіндігімді толық игеремін-ау дегенін ұстайды, біреуі саясатты, біреуі дінді, біреуі кәсіпкерлікті, біреуі етікшілікті таңдайды, бірақ әрбірі өз ісінде жетістікке жетеді, сол істе үздік болуға ұмтылады.
Мырзакелді Кемел "Ақыл қалта" "Аударма"баспасы Астана, 2007ж, 67б.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1430 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Тартымды жауап
Үйдегі телефон шырылдағанда оның "құлағына"жармасқан әкесі-адвокат (қорғаушы), шешесі-судмедэксперт (соттың медициналық сарапшысы) бала болды. Арғы жақтан шыққан дауыс иесі одан ата-анасының біреуін телефонға шақыруын өтінді.
-Олар үйде жоқ,-деді бала.
-Қайда кетті олар?
-Әкем түрмеде, шешем-мәйітханада.

Сағат құтаймапты
-Уақыттың қанша болғанын айтпайсыз ба?
-Менде сағат жоқ. Болуы болған-біреуіне су өтпейтін, екіншісіне шаң кірмейтін, тағы бірі қатты соққыны да елең етпейтін.
-Е, оларыңның бәрі қайда кетті енді?
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1052 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Қаратау елінің Қақы деген қариясы жас кезінде тіл алмайтын ерке бопты. Жұмсаған адамға ол әйтеуір бір қиғаш жауап тауып құтылып кетеді екен. Бір күні әкесі Қақыны ат суарып кел деп жұмсайды.
-Мен ат суара алмаймын,-дейді баласы.
-Неге?
-Менің күрек тісім түсіп қалған.
Әкесі Қақыға ұрысып:
-Ат суаруға күрек тістің не көмегі бар!-дейді.
Сонда баласы:
-Е, ат су ішу үшін мен ысқыруым керек емес пе!-депті.
Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
Категория: Әзілдер | Просмотров: 816 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Басы өткен шығарылымда… Жалғасы…
Жаңа туған сәбиді анасы алғаш рет перзентханада көреді. Сәбидің сырт келбеті ата-ананы таң қалдыруы, тіпті шошытуы да мүмкін. Оның беті ісінген, кейде мыж-мыж, терісі қызғылт не сарғыш. Сәби денесін нәзік жұмсақ түк басқан.

Сәби терісінің сарғыштығы-жаңа туған нәрестенің сарғаю белгісі. Оны дәрігер бақылауға алған болса, қауіптенетін түк те жоқ. Сарғаю осы кезеңде бауырдың бояғыш өт пегменті-билирубинді тым көп өндіруінен болады.
Сәбидің шашы айтарлықтай қалың, ұзын болуы мүмкін. Бірақ көбіне шашы жоқ не өте сирек. Бұған таң қалмаңыз: әр сәби ағзасының өз ерекшеліктері болады, шашта тұрған түк те жоқ.
Нәресте басының шеңбері әдетте 34-36 сантиметр. Басы денесімен салыстырғанда үлкендірек, ол дене ұзындығының ¼ бөлігін құрайды. Алайда уақыт өте келе бұл сәйкессіздік жойыл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1155 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Егер жер астында қазына немесе байлық болса, сол жерде қар тоқтамай еріп кетеді. Жер асты байлықтарының бір нышаны-ұрығы себілмеген жерден райхан гүлі өсіп шығады. Бұл-осы маңда байлық бар деген сөз. Егер тау баурайында, жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт немесе баклажан өскенін көрсең, сол жерде байлық бар дей бер. Егер сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы жер немесе домбаз, кірпіш құюға мүһр (лайдан жасалған арнаулы орын) жасауға жарайтын топырақ болса, сол жерде қазына бар екені белгілі. Егер жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар айналып ұшып жүрсе, ол жер де қазына-байлықтан құр емес. Егер жаңбыр жауып тұрғанда шұңқырсыз тегіс жерге судан қақ тұрса, ол жерде де байлықтың бар болғаны. Егер қыстыкүні қайсыбір жерде қар тез еріп кетіп, айналасында қар қалса, ол жерде қазына бар деп есептелінеді. Егер тас бейне бір майланғандай жалтырап көрінсе және оған жаңбыр мен су жұқпаса, ол жерде де қазына бар делінеді. Егер таудан б ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1082 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Құдіретті мен қияс сиыса алмайды.

"Күшім-күшім" деген итің күшік боп кетеді.

Құдығында су барда
Жігітті шөл қинар ма?

Анау желбас, мынау сараң-
Күйеуге мен кімге барам?..

Ит түсінде де ырылдайды.

Қашыр, атаңа да тартыпсың,
енеңнен де аумапсың.

Құлжадай кекжиеді құтылғанда,
Иттей боп, ирелеңдер тұтылғанда.

Тырп етпесең орныңнан,
Кім ереді соңыңнан?!

Ауруды дерті қинайды,
Анасы ғана жылайды.

Жарлыға жаратқан ғана жар болар.

Ақылды жамау-жасқау іліп шығар,
Ақымақ әлем-жәлем киіп шығар.

Үзілген шыбықтан ұрпақ та күтпе,
дән де дәметпе.

Иесінің пейілі түссе де,
Итінің мейірі түспейді.

Бағың жанды сорың қалды.
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1915 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Хауіп
-Дәрігер, жалбырана сұраймын, көмектесе көріңіз, әйелімнің жағдайы күрт төмендеп кетті!
-Мен берген сүлік те (пиявка) көмектескен жоқ па?
-Жоқ! Үшеуін жеді, одан әрі жей алмады!

Шындық
-Әй, враш (дәрігер), айтқаның шын ба, менде туберкулез ауруы енді мүлде жоқ қой, ия?
-Жоқ! Жоқ дедім ғой қымбаттым!
-Ой, айналайын-ай, әкелші осы бір қуанышты сөзің үшін бетіңнен сүйейін!
-Э! Жоқ! Керегі жоқ!

Сұхбат
Журналист дін қызметкеріне ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1905 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңе ерік.
Денеге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп:
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі дағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді қалдың өліп.
Тұрмысқа тірі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйіңде бойға сеніп.
Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,
Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1617 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz