Жемістердің ішінде алманы жылдың қай мезгілінде болсын үнемі қолданамыз десем, артық болмас. Оның ағзаға тигізер пайдасынан хабардар болғанымыз дұрыс болар деген ниетте, өзім білетін алманың қасиеті, оның қандай сырқаттарға пайдасы зор екенін айтқым келеді.
Алма С, В, В2, Р, Е, каротин, калий, темір, марганец, кальций, қант және көптеген пайдалы химиялық элементтерге бай.
Ол бүйрек аурулары үшін, әсіресе инфаркт ауруларына шалдыққандарға аса қажет дәм. Бүйрек ауруымен ісіп кеткендер үшін шипалы сусын әрі ас. Алма қабығынан қайнатылған сусын салмағынан арылушылар үшін таптырмайтын дәрі.
М. Шалғынбай,
Шымкент қаласы.
|