(«Керек кеңестер»,№09, 2011ж) Ғасырлар өтсе де құндылығын жоғалтпаған Қайқауыс патшаның қанатты сөздері кім-кімді де ойға қалдырары сөзсіз. Оның мал, дүние жинау туралы мына кеңестері де ой түюге көмектесері анық. -Өзіңді дүние-мал жинаудан жырақ ұстама. Әр уақытта да адал мал жинау үшін әрекет істе. Мал, дүние деп өз басыңды қауіп-қатерге салмағын. Мал тапсаң, оны жақсы сақтай біл. Әрбір арзымайтын іс үшін қаржыны шаша берме, өйткені жинаудан оны сақтау қиын. Егер керек кезде зәру іске жұмсасаң, оның орнын тез толтырып қой. -Егер дүниең көп болса, оны қадірлеп, есеппен бір қалыпта іске жарат. Қадіріне жетіп, есеппен жұмсалған аз дүние көп дүниеден жақсы. Егер дүниең аз болса, оны ұқыптылықпен сақтауды қажет деп біл. -Дүние, мал жинауда оралымсыздық жасама, өйткені оралымсыздық-бақытсыздықтың шәкірті. Өзің еңбек ет, әрдайым дүние еңбекпен жиналады, оралымсыздықтан,ұқыпсыздықтан шашылады. -Кедей болсаң, «жарлымын» деп өкінгеннен пайда жоқ. Демек, еңбек үстіне еңбек ет, дүниең көбейіп, сен одан пайдаланасың. Мал, дүние қаншалықты ғазиз болса да досыңнан аяма. -Бар дүниеңді қанағат ет, қанағат ету-таусылмас дәулет, сен қандай халде болсаң да, ризық-несібеңнен айрылмайсың.
|