-Әрбір істің себебі бар, ал кедейленудің себебі-ысырапкершілік, дүниемен ғана шектелмейді. -Өз өмірін дүние үшін өлімге қиятындар сияқты сараң да болма. Мал, дүние қанша құнды болса да, жаныңнан артық емес. Сонымен еңбек етіп жинаған малыңды орнымен жұмса. -Дүниеңді сараңдардың қолына тапсырма. Шарапқор, маскүнемдер мен құмарпаздарға сенбегін. Жұрттың бәрін ұры деп ойламасаң, мал, дүниең ұрыдан аман болады. -Дүние жинауда қателікке жол берме. Әрбір адам өз ісінде қателікке жол қойса, ол бақыттан құр алақан қалып, ойлаған мақсатына жете алмайды. Дүниенің рақаты-еңбек ете білуде. Бүгінгі рақатың-кешегі еңбегіңнің жемісі. -Әрбір табыс қолыңа түссе, оны бес бөліп, екі бөлігін үй қаражатына жұмса. Бір бөлігін қартайып, мүгедек болатын уақытыңа ықтияттап сақтап қойғын. Бұл іске көз жұмушы болма, қарттық үшін сақталған дүниеңді пайдаланушы болма. Қалған екі бөлігін өзіңе қажетті құрал-жабдықтар үшін пайдалан. -Дүниеңді өзге жұрттың дүниесі деп есепте, өзге жұрттың дүниесін өзіндікінен кем демей, аманат деп түсініп, оған қиянат жасамай, туралық пен елге даңқты болғын.
|