Қазығұрт тауының баурайында өткен ас-тойдан Түркістанға қайтып келе жатқан Төле би, Есен би бастаған бір топ игі жақсылар жолда Қарабас өзенінің бойындағы сазда бие байлап отырған Досай би аулына ат басын бұрады. Аталас, ағайын, би-болыстар бірер күн қона жатып, ел жағдайынан біраз әңгіменің басын қайырады. Ел арасындағы кикілжің, жанжал, кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін есіткенде Төле би былайша термелепті: Арғымақ баптап не керек, Жабы қуып жеткен соң. Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң. Бес күн жалған өтеді Ажал қуып жеткен соң. Бір төбенің басына Тыға салып кеткен соң. «Сөйле, Төке» дейсіңдер, Жастар бар ма тыңдайтын? Бұрынғыдай жұрт қайда, Айтатын оны біз қайда?..
|