Қара қарақаттың (черная смородина) тұмау үшін де шарапаты көп. Дайындау үшін: бір стақан қайнаған суға (жылы) бір қасық қарақат, бір қасық қант салып, күніне төрт реттен ішу керек. Қыста қарақаттың бұтасынан жасалған тұнба пайдалырақ. Ол үшін ұсақтап тураған қарақат бұтасын төрт стақан суда бес минут бұрқылдатып, онан соң баяу жанған отта төрт сағат шымырлатып қайнатады. Түнге қарай аздап қант қосқан тұнбадан екі стақанын қабылдайды. Емді тұмаудан айыққанша екі-үш рет қайталау шарт.
|