Бұл тақырыптарға жазылған алуан әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарында қысқаша былай баяндалады.
Жақсы тамақтың арқасында салмақты тез азайтуға қол жеткізуге болады. Жақсы тамақ-бұл дәмді болатын, сонымен бірге ағзаға барлық қажетті қоректік компоненттерді беретін тамақ. Арықтау үшін аз тамақ ішу жеткілікті деп ойламаңыз. Егер Сіз арықтауға кесімді шешім қабылдасаңыз, салауатты тамақтану стилінің ережелерімен танысуыңыз керек. Күн сайын жемістер мен көкөністер жеңіз. Олар жаңа піскен, пісірілген немесе шырын түрінде болуы мүмкін. Олар дәрумендердің, минералдардың және коректік заттың тамаша көзі болып табылады. Сұйықтықты, негізінде минералдық суды, шамалы қант қосылған шайды, су қосылған көкөніс және жеміс шырындарын көп ішіңіз. Тамақты ойыңызды басқа нәрсеге бөлмей, жақсы тәбетпен ішіңіз. Асықпаңыз. Ол дұрыс тамақтануға мүмкіндік туғызады. Алуан түрлі тамақ ішіңіз. «Пайдалы» немесе «зиянды тамақ» болмайды. Қалағаныңыздың барлығын, бірақ шамамен, тым қатты тоймай жеңіз. Құрамында майы аз тамақты таңдаңыз. Майсыз етті және шұжық өнімдерін сатып алыңыз. Ас үйде зәйтүн немесе рапс майы сияқты, жоғары сапалы майларын пайдаланыңыз. Күнделікті ет қосылған түскі астардан бас тартыңыз. Егер оларды әзірлесеңіз, тек бұзау еті немес құс еті сияқты майсыз ет таңдаңыз. Таңертеңгі асқа бүтін бидайдан пісірілген макарон өнімдері, дайын ботқаларды жеген дұрыс.
|