Сұрақ: Республикамыздың тәуелсіздігіне 20-жыл толуына байланысты бүкіл еліміздегі сияқты біздің мектеп ұжымы да түрлі мәдени шараларды жүзеге асырып келеді. Осыған сәйкес ойын-сауық кешімізде алуан әндер шырқалып, күйлер шертіледі. Сондағы бір талап орындалатын туындылардың авторлары толық көрсетілуі қажет және әндер болса олардың мәтіндері бұзылмауы керек болып отыр. Сіздерден сұрайтынымыз-Асқар Жүнісбековтің орындайтын «Жаса, Қазақстан!» әнінің толық мәтінін оқысақ дейміз. Сәбира, Зырян қаласы
Жауап: Бұл әншінің орындайтын «Жаса, Қазақстан!» туындысының әні Ержан Серікбаевтікі, сөзі Анар Жапарқұлованікі. Мәтіні мынадай: Жарқын көңіл, жайсаң ел, қазағым, Өз ұраның айтылсын, өз әнің, Ана тілдің айбыны асқақтап, Болсын таза дін. Батыр ұлдар көшін бастаған, Жасымасын жас ұрпақ жас балаң, Ашық аспан астында, Мәртебең артсын басқадан.
Қайырмасы:
...
Толығымен (Подробнее)»
| |