 Мұрын-адамның тыныс алу, иіс сезу мүшесі. Оның үстіндегі тері жұқа да тығыз. Май бездері мұнда көп. Ең көп май бездері мұрынның екі танауында орналасқан. Оны көзбен де көруге болады. Өйткені, ол үлкен. Осы бездерге шаң, тозаң қонғанында ол тығындалып қалады да мұрында қара нүктелер пайда болады. Адам мұрнының ұшы тез қызарып шыға келетіні мәлім. Егер де адамның терісі өте сезімтал болса, ол ашық аспан астында, ауада жұмыс істегенінде мұрыны ең бірінші қызарып, сыр беріп қояды. Мұрын үстінің қызаруына, терісінің түлеп түсуіне ең басты себептер мыналар: мұрын терісінің өте жұқалығы, тым тартыңқылығы, оған күннің көп түсуі. Мұндай жағдайда сақтану шарасы: мұрынға опа немесе крем жағу.Мұрынның ішкі жақтарында түктер бар. Адам егде тартқан сайын ол жуандап, сыртқа шығады. Оны жұлған дұрыс емес. Олай жасасаңыз, мұрын
...
Толығымен (Подробнее)»
| |