Қоштасу
Қош бол, досым, жақыным! Уақыт тығыз, сөз қысқа. Кетіп бара жатырмын Сұрапыл бір соғысқа. Тепкісінде соғыстың Дүние меңзеп жатқанда, Ажал бейне фашист сұм Қасқыр болып шапқанда,- Қоян емен, адаммын, Қайтып бұғып жатармын! «Жаны тәтті жаманның», Сыналар күні мақалдың. Сыналар күні жігіттің, Қош бол, досым, сөз қысқа! Зіл боп ойым, мен кеттім Сұрапыл бір соғысқа! 1941ж
|