Қаратау елінің Қақы деген қариясы жас кезінде тіл алмайтын ерке бопты. Жұмсаған адамға ол әйтеуір бір қиғаш жауап тауып құтылып кетеді екен. Бір күні әкесі Қақыны ат суарып кел деп жұмсайды. -Мен ат суара алмаймын,-дейді баласы. -Неге? -Менің күрек тісім түсіп қалған. Әкесі Қақыға ұрысып: -Ат суаруға күрек тістің не көмегі бар!-дейді. Сонда баласы: -Е, ат су ішу үшін мен ысқыруым керек емес пе!-депті. Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
|