Қасықтың сыбағасы қарымына қарай.
Найза жеңбегенді нан жеңеді.
Солақай қол оңнан соқса, оңдырмай соғады.
Жат жұрттық жалғыз жылайды.
Жалқаулық дерт жапсырар, Еңбек-жанды асырар.
Тат-темірдің соры, Шер-көңілдің соры.
Тіс ауырса, жұлдыруын күш емес, Қайта ауырса, ендігісі тіс емес.
Уақытында айтылған сөз-уытты сөз.
Еңбек азық та тосады, Ақыл да қосады.
Жалқау күндіз жаңғырар, Жұмысыңнан қалдырар.
Жұмысты тындыратын-қол, Қолды жұмсайтын-бас.
Қарттың білігі- Жастың білегі.
Қолдан шыққан уақыт Қолға қайта түспейді.
Құрмет-қыруар дәулеттен де қымбат.
Қамырдың иі қанбауы: Ұны жоқ болды, Суы көп болды.
Аш адам алты көрпе жапсаң да Ұйықтай алмайды.
Сыйласаң-құлыңмын, Сыйламасаң-піріңмін.
|