Америкадағы жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарылатуға көмектесетін ұйымның өкілі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында мынадай кеңестер бар: -Жартастай берік бол. Күйзелісте, асқан қуанышта да асып-саспай, қандай әрекет жасауды білу керек. Бұл ретте сабырлылық, салқынқандылық-кім-кімге де керек қасиет. -Адамдарды өзіңізге тарта білуіңіз керек. Егер айналаңызға мүдделес адамдарды тартқыңыз келсе, онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз. Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар оларды да игілігіне айналсын. -Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу керек, ол жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ал іске адалдықтың басы жүректе жатады. -Қарым-қатынас жасап, араласа білу, онсыз соңыңызға ешкімді ерте алмайсыз. Қарым-қатынас-бұл сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес, ол қарапайымдылық. Адамды сөзіңізге сендіріп, өзіңізге ерте алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Ең бастысы, сөз соңыңызға ерген адам сияқты қарапайым бола білуіңіз шарт. Адамдарға осылай жасанды кейпіңізді емес, шын бет-бейнеңізді көрсетіңіз. -Қарапайым бола жүріп әр күн сайын құзыреттілігіңізді көрсетуге тырысыңыз. Әдетте жауапты адамдар ешқашан қол қусырып отырмайды, өздерін барлық сәтте, кез келген жерде көрсете біледі. Осылай құзырлы адамдар өзгелерден бір қадам алда жүреді.
|