«Белгілі биік көк сеңгір...»
Белгілі биік көк сеңгірБасынан қарға ұшырмас,Ер қарауыл қарар деп,Алыстан қара шалар деп;Балдағы алтын құрыш болатАшылып шапсам дем тартар,Сусыным қанға қанар деп;Арғымақтың баласыАрыған сайын тың жортар,Арқа мен қосым қалар деп;Ақ дария толқын күшейтер,Құйрығын күн шалмаған балығым,Ортамнан ойран салар деп;Азамат елдің баласыЖабыққанын білдірмес,Жамандар мазақ қылар деп!
|