Ақсаңнан биік тау болмас, Бауырынан қашқан күзен көрінбес, Ақшам батпай түн болмас, Ажал жетпей жан шықпас. Етекті кессең жең болмас, Ежелгі дұшпан ел болмас. Қара қойдың терісін, Сабындап жусаң ағармас, Қалған көңіл табылмас, Қараша торғай қаз болмас, Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан болмай боз болмас. Іштен қыңыр туғанда, Тезге салсаң түзелмес. Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас.
Құм жиылып тас болмас, Құл жиылып бас болмас. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. Дос болғанмен хош болмас. Екі жақсы дос болмас, Дос болса түбі бос болмас. Жақын жерден шөп жесе, Жердің сәнін кетірер. Ағайынның аразы, Елдің сәнін кетірер. Абысынның аразы, Ауыл сәнін кетірер…
|