Жалғасы... Арам саңырауқұлақ алдымен өседі.
Ажалдан қорықпа, аурудан қорық.
Өлмей тұрып, өнеріңді сына да, Тірілерге қалдырып кет мұраға.
Асықсаң, әжеңнен тусаң еді.
Ізгі ісіңді кейінге ысырма.
«Мен қартпын!» деп өзіңді-өзің бұлдама, Жүз жасың да-36 мың күн ғана.
Жаңа бар жерде, жамаулы да бар.
Бірін тастап, екіншісін қуарсың, Біріншіңнен айрылып қап, жыларсың.
Көктемгі жауыннан соң көк тас та көктейді.
Бала барлай бастаса оң мен солын. Қартая бастауы да онда соның.
Қайрақ егеусіз қажалар.
Керек жауын кезінде қымбат.
Батыр туған жерде аты да туады.
Жылының қадірін жаурағанда білерсің.
Уақыт ұшқан ұшқындай Жылт етіп артта қалады.
Гүл күні жеткенде шешек атады.
Байып алған қайыршы бір тоймайды, Ескі әдетпен ел ақтауын қоймайды.
Елжірей сөйлеген еміне сұрар.
Жылдар өтсе, келін де өсіп толады, О да бір күн қайын ене болады.
|