Сұрақ: -Тұрмысқа шыққаныма онша көп уақыт өткен жоқ. Бұрын аңғармадым ба, білмеймін, жүрегім анда-санда қаққанда бір түрлі боламын? Не істесем екен?
Гүлжамал, Таврия селосы
Жауап:
-Мамандар пікірінше жүрек ақауларының түрі көп. Дәрігерге көрініңіз. Әзірше мыналарды біліңіз: біріншіден, көп адамда ол іштен туа пайда болады. Оның себебі, көбіне, екіқабат әйелдің денсаулығына байланысты (қан аздығы, суық тию, инфекциялық аурулар, т.б.). Соның салдарынан жүрек қақпақшалары толық дамымайды. Екіншіден, оның адамдарда жүре келе пайда болуы. Ревматизм, атеросклероз, мерез секілді аурулардан кейін адамның жүрегіндегі қақпақшалары істен шығады. Ал оның салдарынан жүрекке салмақ түсіп, ол әлсіздікке ұшырайды. Сондықтан онымен ауырған әйелге бала көтеруден бұрын алдын-ала дәрігердің кеңесін алу қажет.
|