Қыста тым тығыз тоқылған немесе аса қалың бас киім кимеген жөн, өйтсеңіз шашыңыз «дем ала» алмайды. Ауа кірмеген шаш әсем қалпын жоғалтып, тез майланады. Бас киіміңіз шашыңызды түгел жауып тұруы тиіс. Аязды күндері қорғансыз, яғни бас киім сыртында қалып қойған шаш тез сынғыш болады, жиі ұшталуының сыры да сонда. Күн суықта жалаңбас жүру бастағы қан айналымын нашарлатып, тамырларды тарылтатынын, шаш содан сиреп, түсетінін де айта кетейік.
|