(Еркін аудармалар)
Әскери бөлімнің командирі үйіне келіп, табалдырықтан аттаған сол еді, әйелі бірден бас салды:-Немене, сендердің әскери бөлімдеріңді тарқатып жіберетін болды ма?-деп сұрады.-Не деп тұрсың?! Ондай ештеңе жоқ. Мұны кім жеткізіп жүр саған?!-Базарға барғанымда Маня деген қатын айтты.-Мұнысының бәрі жалған! Бөлім қалай тұр, сол қалпында тұрады. Мен командир, яғни, бастық емеспін бе? Мен көбірек білетін шығармын, әлгі қатыныңнан гөрі!.. Ертеңінде күйеуі үйіне келіп салып, әйеліне өтінішін білдірді:-Люся базарға барып келші, әлгі Маня қатыныңнан сұрашы, мені қайда ауыстырады екен?..Танысаң адайыңмын (Қазақтың сықақ-күлдіргі әңгімелерінен)
Жарау бестіге мінге сом денелі, адуын жігіт ауылдың шетіндегі бір қараша үйге атының басын тіреп:-Уа, хабарласатын кім бар?-деп дауыстапты. Осы кезде үйден кең жауырынды, қабасақал қарт шығып:-Балам, қай туғансың?-деп сұрапты.-Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын,-депті шіреніп. Сонда шал:-Руымды керей қылатын, өзімді кедей қылатын құдай сенің неңді алып ем, бәлем қолыма түстің бе?-деп тұра ұмтылыпты. Сөзден жығылған жігіт:-Жеңілдім, ата, жеңілдім!-деп аттан түсіп, ақсақалдың қолын алыпты.
|