Воскресенье, 07.12.2025, 07:58
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Февраль » 06 » Бақытты болу-өз қолыңда
Бақытты болу-өз қолыңда
09:47
Белгілі дәрігер психотерапевт Владимир Леви адам жанының құпиясын көп зерттеген ғалым. Бақытты болудың, әркім өзін бақытты сезінудің аясы аса үлкен көрінеді. Ол ғылыми жұмысында мұның жеті амалын есімізге сақтап, күнделікті өмірімізде басшылыққа алайық.
1.Бақытты жандар өздері туралы «бақыттымын ба, жоқ па» деп ойланып жатпайды екен. Өз жүрегінің қалауымен өмір сүре береді.
2.Бақытты кісі өз мүмкіндігінің шегін біледі. Ол өзіне-өзі талап қойғанда да шамасына қарай, қолынан келетін іске талап қылады.
3.Бақытты адамның күнделікті өмірі де қызғылықты. Бұдан бақытты адам әрқашан думан-тойдың ортасында жүреді екен деген ұғым тумауы керек.
4.Бақытты адам өзін іштей кең ұстайды. Іштей кең болу, ішкі бостандық дегеніміз не, енді соған тоқталық. Бұл айналадағы белгілі бір адамдардың пікірінен қаймықпау, «кім не дейді екен» деп жалтақтамау, не істесе тек жақсылық жасауға міндетті болғандықтан ғана істеу емес, шын пейіліңмен ақтарыла көмектесуге ұмтылу; бұл-өз сөзің мен әрекетіңе әрқашан жауапкершілікті сезіну; бұл-өзгенің пікірін тыңдай білу.
5.Бақыттымын дейтін адамдар әрқашан біреуді кінәлауға дайын тұрмайды. Бұл оларда ашу, ыза, өкініш, үрей жоқ деген сөз емес. Олар өзіне жаманшылық жасаған кісінің өзінен де дұшпандық іздемейді. Жамандыққа жамандық қайтаруды ойламайды. Сондай-ақ өз кінәларын да мойындай алады. Кекшіл емес.
6.Бақытты адам сүйе де біледі. Бір ерекшілігі, өзімшіл адамдар өзін сүюді талап етсе, бақытты жан өзі біреуді сүйгеннен ләззат табады. Айырмашылығы осында. Үнемі өзін біреудің сүюін ойлап, соны ғана талап ету бірте-бірте адамды ауру қылады. Өйткені ол сүйген үстіне сүйе берсе, тек менікі ғана болса, бәрі мені ғана жақсы көрсе деген ойдың құрсауында қалады.
Ал, біреуді жақсы көруге ұмтылу, оны тек жақсылығын ғана көру адамды іштей байытады. Кейді тіпті мұндай адамдар махабатта жолы болмай, шынайы сүйіктісіне қолы жете алмаса да өздерін ұстай біледі. Оны сырттай сүйіп жүру арқылы да өздерін бақытты сезінеді.
7.Бақытты адам қайырымды келеді. Ол тек сырт көз үшін қайырымды көрінуге тырыспайды. Қайырымдылық, мейірімділік, имандылық оның барлық іс-әрекетімен қабысып, өріліп жатады. Содан да, құдай қолдап, ісі де берекелі болатын тәрізді.
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 4270 | Добавил: модератор | Теги: Қайырымдылық | Рейтинг: 4.7/6 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz