Воскресенье, 07.12.2025, 08:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Февраль » 23
Егер сізге ұйықтағанда қорылдайтыныңыз туралы ескертулер жасалса, одан құтылудың жолы оңай. Ең қарапайым тәсілі-бірнеше жастық қойып, басыңызды жоғарылатып жату. Бас неғұрлым жоғары болса, тыныс алу жолдары ашылып, еркін дем аласыз.
Қырыққабаттың да (капуста) қорылдан құтқаратын қасиеті бар. Күнде ұйықтар алдында қырыққабаттың шырынына 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз. Осылайша бал қосылған қырыққабат шырынын 1 ай бойы үзбей ішіңіз.
Қорылдан құтылудың тағы бір жолы-күніне 3 рет тамақ алдында пісірілген сәбіз жеу.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1711 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Сұрақ (17 қаңтарда түскен): Жаңғақтың пайдалы түрі, аты қандай?
Жауап: Грек жаңғағы (орех грецкий) Халық медицинасында одан жасалған препараттарды ішкі жараларға, мешелге, сары ауруларға, ішек құртына, қанның азаюына, қарын мен ішек қабынуына және іш өтуге қарсы пайдаланады. Сонымен қатар ол зат алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын созылмалы буын ісігіне, теміреткі сияқты кейбір тері ауруларына, витамин жетімсіздігіне таптырмайтын ем. Ол ішек құртының түсуін де тездетеді.
Грек жаңғағының жапырақтарынан туберкулездің түрлі формулаларын емдейтін карион препараты жасалады.
Сондай-ақ оның қайнатындысымен сары ауруды, етеккірдің мезгілінде келуінің бұзылуын, мешелді емдеуге болады.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1356 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Бір қыз жерге қарайды, бір қыз өрге,
Қайсысы оның татиды үздігерге?
Басыңды көп қатырма, байғұс жігіт,
Анасын көр алдымен, қызды көрме.

Сұлу қыз, мұнша неге бұландадың,
Бос тастап екі қолды, сылаңдадың.
Қолыңа қона қалған қаршыға едім,
Қайтейін, қадірімді біле алмадың.

Жайлауы біздің елдің Құланөтпес,
Бөріге ит қарғысы сірә жетпес.
Жігітке қыз қарғысы майдай жағар,
Десең де «ішің толғыр» еш нәрсе етпес.

Тойдың көркі, топ сәні қыз-келіншек,
Қыз-келіншек дегенде біз көңілшек.
Өмірдің еш қызығы болмас еді,
Бізден қыздар, қыздардан біз бөлінсек.

О. Асқар
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1391 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Қызымның құлағына алтын сырға.

Ұлың өссе,
Ұлықтымен ауыл бол.
Қызың өссе,
Қылықтымен ауыл бол.

Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.

Қызды асырай алмаған,
Күң етеді,
Ұлды асырай алмаған,
Құл етеді.

Жүрек кімді қаласа, сол сұлу,
Сүйген адамға жаның жол табады. (С. Сарайи)

Ажырасар болған соң құшып-сүйгеннен не пайда? (С. Сарайи)

Махаббаттың бұрымы-ақылдың аяғына салынған тұсау,
Сақ құстарға құрылған тұзақ. (С. Сарайи)

Ғашық адам белгі берер түспен де-
Ол білінер көзі көзге түскенде. (Ю. Баласағұни)

Айтты Өгдүлміш: «ойға мынау түйгенім,
Бір қараса білер адам сүйгенін». (Ю. Баласағұни)

Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. (Қорқыт)
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 2133 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Сүндетке отырғызу дәстүрінің тамыры тым терең, ғасырлар қойнауына кетеді екен. Оған осыдан бес мың жыл бұрын Египет жеріндегі жартастарға салынған суреттер мен иероглифтер мысал бола алады. Сүндетке отырғызу мағнасын білдіретін Zircumzisia деген латын сөзінен шыққан сүндеттеу алғашқы кездері арабтарда діни наным-сенім ретінде жүзеге асырылған. Уақыт өте келе сүндет ислам дінін қабылдау үшін жасалатын дәстүрлі салттың біріне айналады. Сүндетке отырғызылған ұлдар нағыз мұсылман, әрі нағыз жігіт деп саналған. Ғалымдар сүндеттеу салтының мұсылман әлемінде, египеттерде исламның дін ретінде қалыптасуынан әлдеқайда бұрын болғандығын ежелгі нақты құжаттар арқылы дәлелдеген.
Кейінгі кездері бұл мұсылмандық салтына дәрігерлер көңіл аударып, сүндетке отырғызудың пайдалы екендігіне көз жеткізеді. Сүндеттелген ұлдарға өз жыныс мүшелерінің тазалығын қадағалау, оның күтімі әлдеқайда жеңіл де қолайлы болады. Оның үстіне инфекцияның пайда болуы бір ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1707 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2010

Көнеден келе жатқан Наурыз мейрамын қалың көпшілік жақсы біледі. Ол тойланып қана қоймай ел мен жер, салтымыз туралы ойлантатынын ұмытпаған жөн.
Атамекен. Туған жер.
Жеті жасқа толғанымда, әкем мені ауылдың төменгі жағындағы ескі үйдің жұртына апарып, жерге аунатты.
-Кіндік қаның тамған жер осы ара,-деді әкем.-Ұмытпа!
Атамекен бе?-дедім білмегенсіп.
Әкем басын шайқады.
-Атамекен деп ата-бабаның ежелгі қонысын айтады.
Ол алыста.
-Сонда қалай, атамекен мен туған жер екі бөлек нәрсе ме?
-Әрине. Сен осы ауылда дүниеге келдің. Демек, бұл туған жерің. Ал, атамекенің сонау Көкшалғынның бойы. Өйткені, туған-туыстарың сол жақта тұрады.
Мен сенер-сенбесімді білмей аңырап қалдым.
-Балам-ау, оның түсінбейтін несі бар?-деді әкем.-Мысалы, Болат інің Башқұрстанда туған жоқ па? Егер одан біреу атамекенің қай же ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1525 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2010

Адам әрқашан өзіндік адамшылық қасиеттерінен айырылмауға тиіс. Сондықтан да өз-өзін бағалай әрі саралай білу керек.
-Адам қандай да жағдай болсын, әрқашан да өз күшіне сенуі керек. Біреудің күші, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір өшеді. Сонда не істемекшісіз? Сара жолды өз сеніміңіз ғана адаспай табады.
-Сіз «Жалғыздық жаныма батады»-деп  күйзелесіз. Адам баласының туғанда жалғыз, өлгенде де жалғыз болатынын ескерсек, (ада) жалғыздық-адамзаттың бәріне тән. Алда сізді әлі-ақ бақыттың алау таңы, нұрлы шапағатына сенім артыңыз.
-Әлде бір шешім қабылдамас бұрын, санаңмен кеңесуді ұйғарыңыз. Өткен кемшіліктеріңді еске түсіріңіз, сарапқа салыңыз.
-Өмір мен өлім арасында тағдыр атты жол бар. Осы жолда адал өмір кешу-әрбір пенденің парызы. Сол адалдық адамдардың бір-біріне деген достық махабатты оятып, әділет жолына сапар шектіреді.
-Тәңір қандай шексіз болса-адам дарыны да сондай шексіз. Тек сол дарынды игі істерге жұмсау керек ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 980 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz