Мәуліт түні-Рәбиүл-әууәл айының 12-ші, яғни,он бірінен он екісіне қараған түн. Пайғамбарымыздың дүниеге шарапат берген түні. Бұл түнде бір рет тәсбих намазы оқылады. Намазға былай ниет қылынады: «Уа, Раббім! Бұл түнде сапарымен дүниені нұрға бөлеген сүйікті Нәбиің, басымыздың тәжі Пайғамбарымыздың құрметіне әлсіз құлың мені де кешіріп, нұрың аямай шаша гөр. Аллаһу әкбар». Қасиетті түндерде жасалатын ғибадаттар жайлы жастардың бір-бірінен сұрасып жатқандарын құлағымыз шалғаны бар. Олар жайында біздің Мұхамади атындағы мешітке келіп, толық мағлұмат алуларыңызға болады. Биылғы жылы Мәуліт түні 25 ақпанда басталады.
|
Күніне үш жаңғақ шағып жейтіндер басқаларға қарағанда орта есеппен жеті жыл ұзақ жасайды. Американ ғылымы Гарри Фразер жуырда осындай қорытындыға келді. Мұның себебін ол жаңғақ дәнінде жүрек пен қан тамырларын холестериннің зиянды әсерінен қорғайтын қышқылдардың болуынан деп түсіндіреді.
|
Қазақтың белгілі ақындары Құлыншақ пен Майлықожадан жұрт өз аттарыңды кірістіріп бір ауыз өлең айтыңдаршы деп өтініпті. Сонда Құлыншақ: -Майлы-Майлы дегенмен май болмадың, Жұрттан жинап алғанмен бай болмадың,-депті. Сонда Майлықожа іле жалғастырып: -Сен Құлыншақ болғалы талай болды, Я құнажын, я дөнен, тай болдмады,-депті.
|
Бір бай құрбандыққа қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп: -Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен!-дейді, сонда қасында отырған батагөй молда: -Бұл қой енді арам болды. Құрбандыққа жарамайды,-дейді. Бай амалсыздан екенші қой әкеліп сояды. Ол қой да семіз шығады. Құрбан иесі: -Молда-еке, кесерге қарасы жоқ. Әлгі бәлеге ұқсауын ұқсайды, тек атауға болмайды,-депті.
|
Бір жалқау далада жаяу келе жатып, сүрініп жығылыпты. Орнынан тұрып, жөніне жүріп келе жатып, тағы сүрініп жығылыпты. -Әттегене-ай, екінші рет жығылатынымды білсем, алғашқы жығылғанымда орнымнан тұрмаған болар едім,-деп өкініпті.
|
Адонис весенний-көктем жұпаргүлі Аир болотный-айыр (андыз тамыр айыр) Алтей лекарственный-дәрілік жалбызтікен Бадан толстолистный-отжапырақ бадан Белене черная-қара меңдуана Береза повислая-қотыр қайың Василистник вонючий-сасық маралоты Гармала обыкновенная-кәдімгі адыраспан Горец змеиный-шаянмойын таран Горец печечуйный-аяланшөп тараны Горец перечный-бұрыш тараны Горец птичий-қызыл таспа таран Девясил лекарственный-дәрілік түйежоңышқа Дуб черешчатый-кәдімгі емен Дурман обыкновенный-кәдімгі сасық меңдуана Дурнишник обыкновенный-кәдімгі сарысояу Душица обыкновенная-кәдімгі жұпаргүл немесе киікоты Живкость спутанная-күмән тегеурінгүл Жостер слабительный-ішдәрі қаражеміс Зверобой продырявленный-шілтер жапырақ шаңқурай Зизифора-киікоты Иван чай узколистый-жіңішке жапырақты иваншәйі Калина обыкновенная-кәдімгі шәңкіш Кендарь ланцетолистны
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Күшіген (тазқара) ысқырса, адам өледі. (М. Қашқари.)Ібілістің сөзіне сеніп болмайды. (М. Әлі.)Халыққа «дүние малдан безу керек!» деп, шариғат үйреткен кісі ақша тауып, алтын жинап-озады. Оған сенген адам босқа тозады. (С. Сарайи.)Мекеге бара жатқан сорлының жолында кездескен бір бұтаның көлеңкесі де сұлтанның шатырындай көрінеді. (С. Сарайи.)Тәуба қылу арқылы құдайдың қаһарынан құтылып кетуге болатын шығар, бірақ жұрттың сөзінен құтыла алмайсың. (С. Сарайи.)Дүниені тынбай кезсең-білесің:
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Белгілі дәрігер психотерапевт Владимир Леви адам жанының құпиясын көп зерттеген ғалым. Бақытты болудың, әркім өзін бақытты сезінудің аясы аса үлкен көрінеді. Ол ғылыми жұмысында мұның жеті амалын есімізге сақтап, күнделікті өмірімізде басшылыққа алайық. 1.Бақытты жандар өздері туралы «бақыттымын ба, жоқ па» деп ойланып жатпайды екен. Өз жүрегінің қалауымен өмір сүре береді. 2.Бақытты кісі өз мүмкіндігінің шегін біледі. Ол өзіне-өзі талап қойғанда да шамасына қарай, қолынан келетін іске талап қылады. 3.Бақытты адамның күнделікті өмірі де қызғылықты. Бұдан бақытты адам әрқашан думан-тойдың ортасында жүреді екен деген ұғым тумауы керек. 4.Бақытты адам өзін іштей кең ұстайды. Іштей кең болу, ішкі бостандық дегеніміз не, енді соған тоқталық. Бұл айналадағы белгілі бір адамдардың пікірінен қаймықпау, «кім не дейді екен» деп жалтақтамау, не істесе тек жақсылық жасауға міндетті болғандықтан ғана істеу емес, шын пейіліңмен ақтарыла
...
Толығымен (Подробнее)»
| |