-Менің ұстарама не болған, мүлдем өтпей қалыпты? -Қойшы қайдағыны айтпай, қарындаш ұштауға келгенде, сенің сақал-мұртыңа өтпей қалып па?
|
Елсіз аралда қалған екі еркектің біреуі екіншісіне: -Бұл тұстан бірде-бір кеме өтпейді. Осы қалғанымыз қалған ғой,-деді қапаланып. -Сені білмеймін,-деп жауап қатты екіншісі,-ал мені қайдан болсын таппай қоймайды: алимент төлейтін адаммын.
|
-Балалар,-деді мұғалім өзінің шәкірттеріне,-демалыс күндерінде тындырған ең жақсы екі істеріңді айтып беріңдерші. -Сенбі күні үлкен апайдыкіне қонаққа бардым, ол кісі өте қуанып қалды,-деп бастады Сәрсен. -Оның жақсы болған екен, Сәрсен. Ал екінші жақсы ісіңді айта ғой. -Жексенбі күні апайдікінен үйге қайттым, апай одан бетер қуанып қалды.
|
Теңізде келе жатқан кеме апатқа ұшырап батып кетеді. Жандәрмен дегенде ақырғы күшін салып елсіз шағын аралға жеткен еркектің алдынан бұл да осы аралға жетіп зорға тірі қалған әйелі шығады: -Бір тәулік бойы тентіреп қайда жүрсің? Кеменің батқаны кеше емес пе!
Р. Шаймерденов
|
Профессор емтихан үстінде студентке былай деп сұрақ қояды. -Мысалы, айдалада ат басындай алтын не бір дорба ақыл тапсаңыз, қайсысын алар едіңіз. -Алтынды,-деп жауап береді студент. -Мен болсам ақылды алар едім. -Енді әркім өзіне зәруін алады ғой.
|
Шөл далада әрең ілбіп келе жатқан жолаушының аяғына құмға көміліп жатқан құмыра ілігеді. Бір пайдасы болар ма екен деп тығынын ашқанда, еңгезердей бір жын шыға келеді.
-Не бұйырасың, әміршім? -Үйіме жетсем бе деп едім. -Жарайды, жүгірейік. -Тезірек жеткім келеді. -Е, онда жүгірейік...
|
-Кеше неғып келмей қалдың? Кеш бойы тостым. -Жете алмадым емес пе. -Айтып түсіндіргенім қайда: жүз қырық екінші автобуспен соңғы аялдамасына дейін деп? -Ұқтым ғой, екі сағат санап тұрдым, жүз-ақ автобус өткеннің өзінде әбден қараңғы түсіп кетті.
|
-Дәрігер мырза, тез жете көріңізші. Келіншегімнің соқырішегі ұстап қиналып жатқаны. -Абыржымаңыз, бұдан екі жыл бұрын әйеліңізге операция жасап, соқырішегін алып тастағанбыз. Адамда екінші соқырішек болуы мүмкін емес. -Дұрыс айтасыз. Бірақ адамның екінші рет үйленуі әбден мүмкін ғой. Р. Шаймерденов
|
 Қабығын аршыған шикі картопты ет тартқыштан өткізіп, салқын суға салып жуып, қолма-қол дәкеге сүзіп, суын тұндырып қойса, крахмалы ыдыстың түбіне шөгеді. Осы кезде суын төгіп тастап, крахмалын кептіріп, шыны ыдысқа салып сақтап қою керек. Соның 100 грамын жарты килограмм балға араластырып, күніне ас ішердің алдында жарты сағат бұрын бір шай қасықтан 3 рет жесе асқазан, ұлтабар жарасын емдеуге таптырмайтын ем.100 грамм крахмалды 100 құмшекерге араластырып келіге түйіп, күніне бір шай қасықтан 3 рет ішіп жүрсе, асқазан, ұлтабар және ішектегі жараларды жазады.Ал асқазан қышқылы көбейгенде бір шай қасық крахмалды қайнатып, суытылған бір стақан суға салып араластырып, күніне 50 грамнан үш мезгіл ішіп жүрсе, асқазан қышқылын қалыпты жағдайға келтіреді.Әрине, дәріг
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Тек жүрмесін, көп ойлансын тірі адам, Өмір, өлім арасы-тек бір адым.
Жүсіп Баласағұни
|
|
Он бестегі жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Қырықтағы жасым-ай, Қырымдағыға көз салған Байлаулы тұрған құр аттай. Елудегі жасыңыз Қайта көшкен ел екен. Алпыстағы жасыңыз Қоңыр салқын күн екен. Жетпіс жасқа келгенде Қараңғы тұман түн екен. Жексен жасқа келгенде Қазулы тұрған ор екен. Тоқсан тұрған көр екен, Өлімнен басқа жоқ екен.
|
Ақымақтар ғана айтқанынан қайтпайды. М.Монтень.
Көптің соңынан құлақкесті құлша ере беретіндердің өз бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі болмайды. М. Монтень.
Ажалға итермейтін істің бәрі дұрыс. Р. Эмерсон.
Үнемі кешіге беретін болсаң, мақсатыма жетемін дегенді де ұмытқайсың. Демокрит.
Жақсы адамды жанарынан танимын. М. Аврелий.
Арсызбен әзілдеспе, ата-бабыңның абыройын айрандай төгесің. Соломон.
Тілін тартып сөйлегеннің жаны ауырмайды. Соломон.
Ашушаң адамның алдынан айқай-шу тосып тұрады, төзімдіден төбелес те қашады. Кекшілдік ақылдынына да алдап соғады. Соломон.
Мақтасын десең мақтанба. Б. Паскаль.
Әдемілік жолында өтпейтін қағида болмайды. Л. Бетховен
| |