Сұрақ:Мен оқушымын. Маған «Ағады, Жайық, ағады» өлеңі ұнайды. Бірақ сөздерін еш жерден таба алмай жүрмін. Авторы кім екен. Сұрағым жауапсыз қалмаса екен.Жазира Бозанбай ауылы
Жауап:Әні мен сөзі Илья ЖақановтікіКеріліп Жайық ағады,Әуезге бөлеп жағаны.Еске сап айлы кештерді,Қыз-жігіт кетіп барады.Тербеліп Жайық ағады,Толқыны сүйіп жағаны.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:Мен дүкенде сатушы болып жұмыс атқарамын. Күні бойы тік тұрғандікі ме, аяғымның сіңірлері тартылып қала беретін болды. Бұған қандай кеңес бере алар едіңіздер. Назерке Бозанбай ауылы
Жауап:Аяқтың табанына таңертең және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ киім шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы-екі жетіден аса емес.
|
Сұрақ:Мен жұмыс басты адаммын. Сондықтан дәрігерге қаралуға уақытым тапшы. Кей жағдайда басым қатты ауырып кетеді. Сол үшін уақытша қандай халық еміне жүгінуіме болады дәрігерге қаралмай тұрып. Сұрағым жауапсыз қалмаса екен. Елдос Ұлан ауданы.
Жауап:Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауруы басылады.
|
Сұрақ:Мектепте бізге тарыны береді. Оның пайдасы жайында білгім келеді. Мадина, Бозанбай ауылы
Жауап:Ажардың ашықтығы, өңнің сұлулығы дегеніңіз, сайып келгенде, терінің үстіңгі қабатының, эпидермистің жас күйінен таймай, жарқырап тұруы. Мұндай жағдай терінің сыртқы «сауытын» құрайтын-кремний, коллаген, эластин элементтерінің арқасында қамтамасыз етіледі. Осы үш қалқанның бірі-кремний дақылдардың ішінде тары да (пшено) мол. Ендеше, күнделікті ішіп-жейтін ас-суыңыздан тарыны қалдыра көрмеңіз.Арақ-шараптан, темекі тартып, насыбай атудан аулақ жүріңіз, салауатты өмір сүрсеңіз, дастарханыңыздан осы аталған дақылды үзбесеңіз өзіңізден жас, өзіңізден ажа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:Әр адам әртүрлі пікір айтып жатады. Негізінде адам баласы қалай ұйықтау керек. Кеңес берулеріңізді өтінемін.Жандос, Бесқарағай ауданы
Жауап:Біздің қандай кейірте ұйықтайтынымыз да көп рөл атқаратын көрінеді. Мысалы, ішпен жату немесе бүгіліп ұйықтағанда позалар бет терісінің дұрыс қайта қалпына келмеуіне ықпалы бар екен. Сол себептен таңғы уақытта көзіміздің үстіңгі қабығының ісіп, ал кейін әжімдердің де тез түсуіне әсер етеді. Мұндай кемшіліктерді түзеу үшін арқамен жатып ұйықтауға дағдылану керек деп кеңес береді.
|
Сұрақ:Кекештіктен қалай арылуға болады?Сейдінбек Рамазан
Жауап: Бұл жөнінде осыдан біраз бұрын «Өмір өрнектері» айдарынан біраз деректер айтқанбыз. Алайда Сіздің сауалыңызға орай сол кеңестерді қайталап назарларыңызға ұсынамыз.Кекештік тұтығу деп те атайды. Ол сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру.Кекештік әдетте мектеп жасына дейінгі ер балаларда жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесінің тұрақтылығын төмендетуін туғызатын жағдайлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық) ролі зор. Сонымен бірге кейде балаға араласып жүрген тілі мүкіс адамдарға еліктеп сөйлеуі де әсер етеді.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:Қарақұмық балы жайында көп естіп едім. Ал қандай емдік қасиеттері жайында толығырақ білгім келеді.Жанар, Зайсан ауданы.
Жауап:Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
|
Сұрақ:Сүйел қарсы тағы да қандай ақыл-кеңестеріңізді бересіздер?Ермек, Ұлан ауданы
Жауап:Сүйелге қарсы дәріні дайындау үшін, екі лимонның ұсатылған қабығына 30 пайыздық сіркесудан жарты стақан құйып, тығыз жабылған ыдыста 8 күн ашыту керек. Күніне бір мезгіл қозғап, араластырып тұрасыз. Дайын болғаннан кейін оны сүзіп, суын аласыз. Осы тұнбаға мақтаны жақсылап малып, күніне бірнеше рет сүйелге жақсаңыз тез жазылады.
|
Сұрақ:
Күйеуімнің иығында күнде қайызғақ болады. Одан қалай арылуға болады.Сұрағым жауапсыз қалмасыншы.Глубокое ауданы, Айгүл
Жауап:4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.
|
Сұрақ:-Тісім босай бастаған сияқты. Әзірше ауырмайды. Дәрігерге барғанға шейін не істесем екен? Мамандар не дейді?Өскемен, Уалихан
Жауап:-Қолыңыз тиіп, өзіңіз айтқандай тіс дәрігеріне барғанға шейін мамандар пікірі мынаған саяды: «Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тымырлары-мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз».
|
Сұрақ: Рябинаның жазақша аудармасын білсем деймін. Оның қандай емдік қасиеттері бар. Раушан, Риддер қаласы
Жауап: Рябинаның қазақша аудармасы шетен. Шетеннің шырынын ұзақ мерзім ішетін болса тіпті көтеудің (геморрой) өзі ашылып, жазыла бастайды. Шетен жидегінің шырыны іш жүргізетін дәріден де жақсы әсер етеді. Оны қант қосып 2 рүмкеден күніне үш мезгіл ішкен жақсы.
|
Сұрақ:-Балаларға «айдар» қойып жатады ғой. Күндіз-түні жұмыспен жүріп, өзіміз де әке болып қалғанымызды аңғармағандаймыз. Кейінгілер сұрақ қояды. Естігенім әр түрлі. Осының мәнісін қысқаша жазып жіберсеңіздер.Бақытбек, Өскемен қаласы
Жауап:-Бұл қазақ ырымдарының біріне байланысты. Қысқаша жазушы Сейіт Кенжеахметовтің пікіріне сүйенгеніміз жөн: «Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Бұл «Айдар» деп аталады. Айдарды адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп біледі»-дейді. (Сейт Кенжеахметовтің «Қазақтың салт-дәстүрлері» кітабынан, А., 1994 ж).
|
Сұрақ: -Ыстықта балалар сусын сұрай береді ғой. Тіпті үлкендер де шыдамайды. Осы жайында қысқаша не айтар едіңіздер? Алмагүл, Өскемен қаласы
Жауап: Газдалған тәтті сусындардың құрамындағы бояулар, қышқылдар, консерванттарды да стоматолог-мамандар тістің өсіп-жетілуін тежеп, эмалін зақымдайды дейді. Мұндай сусындар баланың ой-өрісінің дамуын тежейтін болып шықты. Британдық ғалымдар газды сусындардың құрамындағы бензонат натриі бауыр церрозы секілді қауіпті ауруларға жол ашатынын анықтаған.
|
Сұрақ:Сүйелді қалай кетіруге болады? Бексұлтан, Ұлан ауданы
Жауап:Лимоннан дәрі жасауға болады. Сүйелге қарсы дәріні жасау үшін, екі лимонның ұсатылған қабығына 30 пайыздық сіркесудан жарты стақан құйып, тығыз жабылған ыдыста 8 күн ашыту керек. Күніне бір мезгіл қозғап, араластырып тұрасыз. Дайын болғаннан кейін оны сүзіп, суын аласыз. Осы тұнбаға мақтаны жақсылап малып, күніне бірнеше рет сүйелге жақсаңыз, тез жазылады.
|
Сұрақ:-Күні-түні шаруадан қол босамай қалады. Сондай жағдайда «ұсақ-түйек» науқас үшін дәрігерлердің де мазасын алғым келмейді. Себептерін өзім түсінем, бірақ анығын білмеймін, дегенмен дауысым қырылдап шығады кейде. Осыған үйде өзім істей алатын бір амал бар ма?Насиолла, Глубокое ауданы.
Жауап:-Дәрігерге барып жүріңіз. Ал әзірше мамандардың мына бір пікіріне құлақ салып көріңіз: Адамның тамағы ісіп, дауысы қырылдап қалғанда кәдімгі құмды аллюмин табаға қыздырып, қалыңдау сүрткішке орап, кеңірдікке басу керек. Бұл тәсілді күніне 7-8 рет қайталап отыратын болса, тамақ ауырғаны тез басылады.
| |