Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Білгіміз келеді
« 1 2 ... 4 5 6 7 »
Сұрақ:
-Қара бала туралы ән естиміз. Анда-санда естіген сайын мәтіні қолда болса шіркін деген тілегіміз бар...
Бір топ оқушылар
Өскемен қаласы

Жауап:
-Ол әннің толық «Қазақтың қара баласы» аталады. Сөзі Исраил Сапарбайдікі, әні Арман Бексұлтандікі. Толық мәтіні төмендегідей:
Еңісте жүрген ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Еншілеп алған ауруға
Екі дүниеде ем қонбас.
Ананың сүтін арда емген,
Атадан бала кем болмас.
Тебініп атқа мінсе де,
Тектіге тентек тең болмас.
Қазанға түспей ас болмас,
Қарекет қылған аш қалмас.
Қазақтың қара баласы,
Біріне-бірі қас болмас.
Қазақтың қара баласы
Біріне бірі қас болса,
Күндердің күні туғанда,
Жат болудан жасқанбас.

¬Өзіңе өзің жаудайсың,
Өнбейтін істі даулайсың.
Төріңді жатқа жайлатып,
Төсекте жатып аунайсың.
Аузыңмен орақ орасың,
Тіліңмен оны баулайсың.
Атымтай сенің неңді алған,
Қожанасырдан а ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1705 | Добавил: модератор | Дата: 13.08.2011

Сұрақ:

-Біздің апамыз сексенге жақындап қалды. Ылғи алда жүру әдеті: «Той домалақта кемпір-шалдардың жатталған тілеулері әбден жалықтырды. Алдарыңдағы компьютеріңнен қараңдаршы, сирек айтылатын баталар бар шығар, жаттап алып айтып жүрейін»,-дейді. Осыған көңіл бөлсеңіздер екен!
Назым, Нұрлан, Өскемен қаласы

Жауап:
-Назым, Нұрлан және басқа да жастар!
Соңғы техникаларда селқостау үлкендерге тілектерін орындап жүргендерің өте дұрыс. Сондай-ақ, олар сұрамаса да соларға қызықты-ау деген «жәйіттерді» оқып беріп отырғандарың жақсы-ақ болар еді дер едік.
Төменде апамызға арнап екі бата-тілектер бе ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1120 | Добавил: модератор | Дата: 07.07.2011

Сұрақ:
-Асқабақ–көп ауруға ем деседі. Бұрынғы оқығандарым есімде қалмапты. Қысқаша айтып берсеңіздер.
Нұрғайша, Серебрянка.


Жауап:
-Шынында асқабақ туралы көп айтылып жүр, асқабақтың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Оны үнемі үзбей жеген жағдайда рак ауруының алдын алуға болады. Жапонияның денсаулық сақтау орындары халықтың асқабақ жеуін қадағалауға алады екен. Жапондық дәрігерлердің пауымдауынша адам тәулігіне кем дегенде100 грамм асқабақ жеу керек.
Асқабақ құрамында қант, пектин, калий тұзы, магний, темір, сондай-ақ А, С, В1, В, РР тәрізді толып жатқан дәрумендер бар. Шопағы (дәні) бағалы органикалық қышқылдарға, май, басқа да пайдалы заттарға бай.
Семіз адамдарға жеп тұруы өте-мөте қажет. Себебі асқабақтың калориясы аз. Асқабақ ішек жолдарының сырқаты бар, атеросклерозбен ауыратын адамдар үшін асқабақтан жасалған тағамдарды ештеңемен алмастыруға болмайды.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 2805 | Добавил: модератор | Дата: 24.06.2011

Сұрақ:
-«Қимаяий саадат» кітабы сатылады ма? Қай жерде? «Шығыстың құпия ғылымы» кітабын көрген болатынмын, оқуға, ондағы амалдарды жасауға болады ма? Қайдан алса болады?
Сания

Жауап:
-Қадірменді Сания!
Сіздің сұрағыңызға қысқаша былай десек жарасар. Республикамыздың президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан аумағында Ислам Ханфиттік деп аталатын діни-құқықтық мектеп пен сопылықты насихаттайтын идеологияның негізінде қалыптасты». Осыған байланысты айтарымыз Сіздің біліктілігіңізді арттыруға деген ынтаңызды қолдаймыз. Қайда тұрғаныңызды жазбапсыз. Әр түрлі діни әдеби ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1520 | Добавил: модератор | Дата: 12.06.2011

Сұрақ:
-Көпшілікке танымал «Ұстазым» әнінің мәтінін толық нұсқасын берсеңіздер екен.
Гаухар, 5-сынып оқушысы, Шемонаиха ауданы


Жауап:
Әнін жазған Аблахат Еспаев
Сөзін жазған Аманжол Шамкенов

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!


Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы.

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа, қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келе ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 2406 | Добавил: модератор | Дата: 03.06.2011

Жүйкеге тиетін көңілсіздеу ойлар  мен сезімдерге тізгін берме, тезірек құтылуға тырыс.

Мүмкіндігінше, жан дүниеңізді «құлақтан кіріп, бойды алатын, әсем ән мен тәтті күй» тыңдау арқылы тазартуға тырысыңыз.

Тамақты да талғаммен ішкен жақсы. Етті шектен тыс көп жеу-зиянды, ол адамды күш-жігерінен айырып, сүлесоқтыққа, іс-қимылға икемсіздікке әкеліп соғады. Дастарқан мәзірінің әр түрлі болғаны дұрыс.

Артық ішіп, асқазанға күш түсірме.

Адал өмір сүр, сонда басың азат, тамағың сіңімді болады әрі бақытқа бір адым жақын жүресің.

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 930 | Добавил: модератор | Дата: 25.05.2011

Сұрақ:-Омартада жұмыс істеудің артықшылығы жайлы көпшілік жөндеп айтпайды, «енді жақсы ғой»-деседі. Осы сауалға сіздер, қысқаша, не дер едіңіздер?
Сәкен, Глубокое ауылы


Жауап:-Омартадағы ауаның ерекше шипалы қасиеті бар. Омарта маңында істелетін жұмыс адамға жеңіл және қызғылықты, ол адамды толысып, семіруден сақтайды. Омартада қызмет ететін адам көптеген нервтік және психикалық қасірет шегуден аулақ болады. Олар қаланың у-шуынан да құтылады. Ал тыныштықтың нерв жүйесі үшін маңызы зор. Омартада істейтін адам өте қайырымды, жарқын жүзді, шат көңілді болады.
Адамның өзін қызықтыратын және өзі ұнатқан мамандығы бойынша жұмыс істеудің де маңызы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 951 | Добавил: модератор | Дата: 24.05.2011

Сыртыңа біткен байлықта байлау жоқ, бір күні кедейленіп, қор боласың.

Кімде-кім басына төнген бақытсыздықтан соң адал, мейірімді, жан дүниесі таза адамға айналса, басына түскен қасіретке де қуана білуі керек. Өйткені бұл қасірет оның өз басына үлкен пайда әкелді ғой.

Адамның адамгершілік тұрғыдан азғындағандығының ең соңғы белгісі-ақиқатты айналып өткісі келетіндігі. Қорқақ әрі байғұс адам ғана шындықты айтудан, мойындаудан қашады.

Ақылды адам ойдың нәріне, сөздің мәніне қарап бағалайды. Бұндай сөзді айтқан адамның атақ-дәрежесіне қарамайды.

Дұшпандарыңды өзіңнің мейірімділігіңмен, дархан көңіліңмен таңғалдыр ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 962 | Добавил: модератор | Дата: 12.05.2011

Жалғасы....
Кез келген істі сабырмен, өз-өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырыс. Жылдам қимылдауды-асығыс-үсігіс, атүсті іс қылу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады.

Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз, жан тазалығы мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа.

Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамның жан дүниесін улап, жақсы қасиеттерден жұрдай етеді.

Өтірік айтпа, екі жүзді болудан с ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1012 | Добавил: модератор | Дата: 29.04.2011

Сұрақ:
-Қалай бақытты болуға болады? Осы сауал төңірегінде не айтар едіңіздер?
Нәзигүл, Өскемен қаласы

Жауап:

Бұл сұрағыңыз жөнінде талай түрлі әдебиеттерде, бұқаралық-ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып жатады. Нәзигүл, біз бұл жолы сіздің және басқа да замандастарымыздың назарына солардың бірінде («Оңаша» №1, 2011жыл) жарық көрген «Бақытты болғыңыз келсе...» деген пайдалы кеңестерді ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.
Біреу: «Адам қағынан жарылғанда-ақ бақытты болып туылады» дейді. Екіншісі: « ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1132 | Добавил: модератор | Дата: 25.04.2011

Сұрақ:
-Шошқа етін жеуге болмайтынын бәріміз білеміз. Неліктен харам екенін білгім келеді?
Бейсенбек, студент, Семей қаласының тумасымын

Жауап:
-Исламда шошқа еті-харам, яғни жеуге тыйым салынған. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: "Шынайы түрле сендерге өлексені, (арам өлген малды) қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалғанды арам етті" деген. (Бақара, 2/173)
Доңыздың еті-нәжіс, жиіркенішті. Оның харам болуының себептері:
1.Медициналық себебі: шошқа етінде адамға зиянды вирус бар.
2.Шошқа тышқан және тышқан сияқты нәжіс нәрселерді жейді. Нәжіс нәрсе жеген кез-келген хайуанның еті, ол түйе немесе сиыр немесе қой болсын харам болады.
3.Оның табиғаты жаман қасиетсіз хай-уан. Онда мейірім-рақым болмайды. Еркек торайы өз анасына шабады. Ұрғашысы өз туған торайларын жейді. Оның еті адамның мінез-құлқына теріс әсер тигізеді.
4.Доңыз етінің құрамындағы хистам ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1703 | Добавил: модератор | Дата: 27.03.2011

Сұрақ:
-Мен дәрігерге қаралып жүрген кісімін. Оларға "жүрегім қаға береді" дегенімде бірнеше дәрі-дәрмектер алуға рұқсаттарын жазды. Сол рецептер бойынша оларын дәріханалардан алып пайдаланып жүрмін.
Ал енді сіздерден сұрайын дегенім, ел ішінде мейіз де жүрекке пайдалы деседі. Осы жөнінде бір мағлұмат берсеңіздер.
Шәкен, Шемонаиха ауданы


Жауап:
-Дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс… Енді мейіз жөнінде айтарымыз, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мамандардың және емделіп жүрген жерлестеріміздің өзіңіз жазғандай бір "мағлұматты" мынадай: сары мейіз (жүзім) жүрек шаншып ауырғанда пайдалы көрінеді, оны ет тартқыштан өткізіп, балға араластырады, күніне үш рет шай қасықпен жейді, жегенде адам сергіп қалатын секілді күйін өзі сезінеді деседі. Дәрігеріңізбен ақылдасып пайдаланып көріңіз.


Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 2596 | Добавил: модератор | Дата: 26.03.2011

Сұрақ:
-Салауат деген не? Биыл оныншы сыныпты бітіремін. Әртүрлі жауаптардан түсінгеніме тұшынбадым.
Тоқтар, Өскемен қаласы


Жауап:
-Тоқтар, сіздің сауалыңызға біз былай дер едік: "Салауат-Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Аллаһтан рақымдылық тілеу деген сөз. "Ахзаб" сүресінің 56-шы аятында Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһтың рақым жаудырғаны, періштелердің дұға еткендігі айтылып, мүміндердің де салауат пен сәлем айтулары бұйырылады. Осы аят түскеннен кейін сахабалар Пайғамбарымыздан "Сізге сәлем беруді білеміз, қалай салауат айтамыз?",-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз "салли", "барик" дұғаларын оқуларын ұсынады. Намаздың соңғы отырысында осы дұға оқу-сүннет.
Пайғамбарымыздың атын естіген кезде: "Аллаһумма салли ала сәйидинә Мұхаммед" деп айту, оның атын жазған кезде "Аләйһиссалату уәссәлам" немесе "Саллаллаһу аләйһи ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1614 | Добавил: модератор | Дата: 21.03.2011

Сұрақ:
Көгілдір экраннан «Қаражорға» биін көріп тамашалап едік. Соның мәтінін табуға көмектессеңіздер екен.
Өскемен қаласындағы №43 орта мектептің бір топ жоғары сынып оқушылары


Жауап:
-Қазақ өнеріне ынталарыңызды құптаймыз. Бізге кездескен мәтінде авторлары көрсетілмепті. Ал енді биді орындау кезіндегі мәтін былай болып келеді.

Қаражорға
Арнамыздың ж ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 2018 | Добавил: модератор | Дата: 12.03.2011

Сұрақ:
-Осы халық арасындағы емшілер жайлы әркімдер әр түрлі пікірлер айтады. Ауырып-сырқаған соң, бұған бұрын көңіл бөлмеген өзім де ойлана бастадым. Сіздердің пікірлеріңіз қандай?
Нұрхан, Глубокое ауданы, бұрын Катонқарағай ауданында тұрғанбыз.


Жауап:

-Сізге жауап беріп отырған блог модераторы деп білерсіз… Ел арасына белгілі-ежелден олардың бәрі ала аяқ, алдамшы болмаған. Халық жинақтаған емдік тәжірибелерді пайдаланған. Емші, сәуегей кісілер науқастарды ауруларынан айықтыру жолында неше түрлі  өсімдіктердің құпияларын білген.
"Чжудши" үнді-тибет әйгілі жинағында: "Жер бетінде дәрі-дәрмек болмайтын еш нәрсе жоқ" десе, осызаманғы ғалым, медицина ғылымының докторы В. П. Котельников мұны дұрыс көріп: "Тек дәрі-дәрмекті кімге қашан және қандай себептермен беру керектігін терең білу қажет",-депті.
Сондықтан ұшы-қиыры жоқ бұл мәселеге әр кім жауапкершілікпен қар ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1209 | Добавил: модератор | Дата: 14.02.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz