Сұрақ:
Соңғы кездері Бұқаралық ақпарат құралдар материалдарында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары жайында жиі айтылып жүр. Осы ұлы ойшылымыздыңислам құндылықтары туралы туындылары жөнінде қысқаша болса анығырақ білгім келеді. Бұған не айтар едіңіздер.
Ғали Қайсанов
Өскемен қаласы
Жауап:
Шындығында бұл жөнінде ақпараттар мол. Сауалыңызға орай сізге беретін жауабымыз филология ғылымының кандидаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті Самал Дәрібаевтің айтқанына дөп келіп отыр. Енді осыған орай, ғалымның пікіріне назар салыңыз. («Аңыз Адам» №19, 2013ж)
Мәшһүр Жүсіп-қазақтың ұлы ойшылы, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, ақын, көп тілді білген ғұлама, әулие. Ол жастайынан өнер-білімге, әдибиетке құмар болып, халық жырлары мен қиссаларды жатқа бі
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Сүйелді кетіруге алма кетіреді деп естіп едім, рас па? Осы жөнінде қысқаша айтып берсеңіздер.
Айнұр, Өскемен қаласы
Жауап: Дәрігерлердің айтуы бойынша сүйелді кетірудің көп амалдары бар екен. Өзіңіз айтқандай соның біреуіне тоқталайық. Мамандар былай дейді: Күнде сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жаға бересіз. Сүйел бірте-бірте кішірейеді, соңынан ол қараяды да, бірте-бірте жоғалып кетеді.
|
Сұрақ:
-Күннің ыстығынан әбден шаршағандай болып жүрміз. Бұдан қалай қорғануға болады.
Алмагүл, Бейсен.
Өскемен қаласы.
Жауап:
-Бұл жөнінден маманның пікірі мынадай: Бастан өткен күн сәулесі жас балалар және егде тартқан адамдар, созылмалы науқасы бар, жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті екендігін ескерген жөн.
-Тәуліктің ыстық мезгілінде көлеңкелі жерлерде саялау керек.
-Мүмкіндігінше синтетикасы жоқ табиғи матадан тігілген жеңіл әрі кең, ашық түсті киімдер киген жөн.
-Жағажайда немесе күн сәулесі тіке түсетін ашық жерлерде жұмыс істеген кезде басқа ашық түсті бас киім киюді ұмытпаңыз.
-Күн сәулесі тіке түсетін жердерде ұйықтауға болмайды.
-Алкогольсіз, газдалмаған сусындарды ішу керек. Бұл кезде адам ағзасы көп сұйықтық жоғалтады. Бұл жоқтың орнын толтырып тұруға тиіссіз.
-Күн астында
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:
Анамның қан қысымы жиі көтерілетін болып жүр. Дәрігерге қаралып, берген дәрілерін уақытылы ішіп жүр. Қан қысымы қайта көтерілмес үшін не істеуге болады? Қалай күтінген жөн?
М. Өмірзақ.
Атырау қаласы.
Жауап: Науқастың таза ауада көбірек серуендегені, тәулігіне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтауы керек. Отбасында, жұмыста жанжал шығатын жағдайлардан қашық жүргені жөн. Физикалық жаттығулардың да пайдасы көп. Көбіне жаяу жүруге, велосипед тебуге, мүмкіндік болсажүзуге тырысу керек. Ауыр жұмыс істемесін. ¬Өйткені қара күшті қажет ететін жұмыстар артериялық қан қысымын көтеріп, жүрек гипертрафиясына соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ адам өз дене салмағын да үнемі бақылап отыруы қажет. Сондай-ақ адам өз дене салмағын де үнемі бақылап отыруы қажет.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: -Жұмыс, «анау-мынау» деп жүгіріп жүріп, көп нәрсенің мәнісіне мән бермей қалатын жайымыз бар. Осыған сәйкес «құлақтың шуылдағанына» білетіндер не дейді екен. Осыған жауап берсеңіздер.
Нариман , Өскемен қаласы
Жауап:-Құлақтағы шу қандай да бір аурудың белгісі. Егер құлағыңыз жиі шуылдап, басыңыз ауырса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Себебі есту жүйесінің қабынуы, құлақ аурулары, отороклероз және баста, мойында, мида, ісік пайда болғанда, жүрек қан тамыр жүйелерінің ауруларында құлақ шуылдайды. Сондықтан ауруды асқындырып алмас үшін дәрігерге қаралып алу керек. Сондай мына кеңеске құлақ түре жүріңіз. Бір стақан суға бір шай қасық бал қосып араластырады. Қоспаны үшке бөліп күніне үш рет тамақтану кезінде қабылдайды. Бұндай қоспаны жиі ішіп жүрсеңіз, мидың жұмысын жақсартуға септігін тигі
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:-Сіздер жақсы қасиеттерді насихаттап жатасыздар ғой. Осыған сәйкес сұрағымды сөкет көрмеңіздер: неше сияқты сұрықсыздар сүйеніштері арқылы көздеген мақсаттарына жетіп жүр. Бұған не айтасыздар.Жайнагүл, Өскемен қаласы
Жауап:-Бұл жөнінде мамандар: «Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді»-дейді. Мұның соңы қоғамға ғана емес, әлгі мықтылардың өздеріне де зиянды. Көбісінің түрмеге түсіп, басқа да қатты өкініштерге ұрынып жүргендерін естіп біліп жатқан шығарсыздар. Ең әдемісі-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Лимонның қабығы қан қысымын реттейді деп естігем. Сол рас па? Айсұлу, Бозанбай ауылы
Жауап:Жарты стақан балға 1 лимонды қабығымен үккіштен өткізіп, 5 орташа пиязды жақсылап араластырып, жеті күн қараңғы жерде сақтайды. Оны қара шүберекке орап, тоңазытқышта ұстау керек. Күніне 1 шай қасықтан 2-3 рет ішеді.
|
Сұрақ: Көпке танымал «Көк тудың желбірегені» атты өлең сөздерін сіздер жібердіңіздер. Енді сол өлеңнің авторы жайында білгім келеді.Нурасыл, Өскемен қаласы.Жауап:Алмас Ахметбекұлы, ақын: -1992 жылдың 22 мамырында Алматыда тәуелсіз еліміздің көк туын қабылдап, Президент туды тізерлеп тұрып сүйгенде Шәуешекте арнайы жиналып теледидардан тамашалап отырған біз ерекше тебіреніп, көз жасына ерік бердік. Ішімізде Исмар деген дүнген жігіт бар еді, қарасақ, ол да жылап отыр. «Сендердің жылағандарыңды көріп шыдай алмадым»,-дейді.Тудың өзін «Қорғас» шекарасынан елге өтіп келе жатқанда көрдім. Жел соғып тұрған, самал желмен көк туымыз да шалқып, әуелей желбіреп тұрды. Бойымды ере
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:Ешкі сүтінің бала үшін пайдасы жайында білгім келеді.Назерке, Бозанбай ауылы
Жауап: Ағарғанның ішінде ешкі сүтінің пайдасы аз айтылып жүрген жоқ. Әсіресе емдік тұрғысынан: қаназдықта, астан аллергиясы барлар, өкпе дертінде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетке, диатезге, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың, көздің нашар көруіндегі дертте шипасы зор. Ешкі сүті бала үшін ең пайдалы емдік сусын. Жасанды, аралас қоректендіруде дайын тағамдардан гөрі баланы 6 айдан асқан соң ешкі сүтімен өсіруге әбден болады. Не болмаса қосымша қоректі осы ағарғаннан іздегеннен ұтылмайсыз.
|
Сұрақ: Тауықтың сорпасы жайлы әр түрлі пікірлер айтыла бастады: зиянды деседі. Мамандар не дейді екен? Нәзигүл, Өскемен қаласы
Жауап: -Маман дәрігерлер талайдан бері тауық сорпасын ішудің зияндылығын ескертіп келеді. Себебі, қайнату арқылы оның етінде сақталған зиянды заттардың барлығы сорпаның бетіне шығады. Біз бұл жерде химиялық қоспасыз, экологиялық жағынан таза, аулада, қолда өскен тауықтар туралы айтып отырған жоқпыз. Әңгіме біздің дүкендер мен базарларда сатылатын тауық еттері жөнінде болып отыр. Ірі құс фабрикаларында тауықтарды семірту үшін жем-шөбіне адамға зиянды түрлі химиялық қоспалар мен антибиотиктерді қосатыны белгілі. Қайнатқан жағдайда соның бәрі сорпаға шығады. Сондықтан денсаулыққа зиян келмес үшін дүкеннен немесе базардан алған тауық
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Баланың анық сөйлеуі үшін түрлі жаттығулар жасау керек. Мысалы, мен алдымен келген балаларға таңдайын тақылдатып, жаттығу жасатамын. Кейбір ата-аналар бала таңдайын тақылдата бастаса тыйып тастайды ғой. Ол дұрыс емес. Содан кейін балаларға дауыссыз дыбыстарды көбірек жаттату керек. Араның ызыңын, желдің гуілін, қойдың маңырағанын салып үйретсе, ол да баланың тез сөйлеп кетуіне мүмкіндік береді.Эльмира Абдухалилова невролог-дәрігер:-Баланың сөйлей алмауының түрлі себептері болуы мүмкін. Оны анықтау үшін анасы емханаға апарып, невропатолог, психолог, логопед дәрігерлерге көрсеткені дұрыс. Кейде эндокринологиялық аурулардың салдарынан да бала сөйлей алмай қалуы мүмкін. Сондықтан эндокринолог-дәрігерге де көрсетіп алған жөн. Дәрігерлер баланың денсаулығын қарап, сөйлей алмауының себебін анықтаған соң оны емдеуге кіріседі. Ем
...
Толығымен (Подробнее)»
|
(«Керек кеңестер №03 (11) 2011 ж») Сұрақ: ...Оқырман «Менің 4 жасар және 2 жасар балам бар. Екеуі де сөйлемейді. Көмектесіңіздер»...Жауап: Дина Сейфутдинова, логопед-дәрігер:-Ең алдымен баланы тиісті мамандарға көрсетіп, оның құлағы ести ме, жоқ па, сол жағын анықтап алу керек. Егер бала естімейтін болса, онда сөйлей де алмайды. Ал еститін болса, оның сөйлеуіне мүмкіндік бар. Бұл кезде баланы логопед-дәрігерге көрсеткен жөн. Негізі бала 22 айда 20 сөз айтып, екі сөзді құрастырып сөйлей білуі керек. Әр облыста психолого-медико-педагогикалық кеңес беретін бөлімдер болады. Сауал жолдаған жан сол жерден түзету кабинетіне жолдама ала алады. Онда балаға дефектолог, логопед, психологтар сабақ береді. Ата-ана да баламен көбірек сөйлесіп, мамандардың берген жаттығуларын үйде қайталатуы керек...
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Сарымсақ (чеснок) пайдалы екенін білеміз. Қай ауруларға ем екенін білгім келеді.Санжар, Өскемен қаласы.
Жауап:Көптеген газет-журналдарда бұл сарымсақтың денсаулыққа пайдалы екенін жазып жатыр. Біз сіздерге ол жайында қысқаша мәлімет бергенді жөн көрдік. Қарапайым сарымсақ халықтық медициданада мың сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруларына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен күнге 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдег
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ:Емханаға баруға уақыт тапшы. Мені гайморит мазалайды. Халық медицинасы бойынша емделетін әдіс айтасыңыздар екен. Жауап:Мен гайморитпен ауырып, қиналып жүргенімде орыс көршім емделу жолын сілтеп, сол кеселден алаңсыз айығып кеттім. Мүмкін сіздерге де пайдам тиер деген үмітпен орысша рецепті ұсынып отырмын.Емделу жолы қиын емес. Әуелі аптасына екі рет моншаға бару қажет. Моншадағы бу ылғалды емес құрғақ болу керек. Буға түсіп, емді қатар жүргізеді: жас ақжелкенді (хрен) үккіштен өткізіп, 2-3 лимонның шырынын қосып араластырып, қою соус жасап, күніне таңертең және түс қайта жарты шай қасықтан ішеді. Мұндай дәріні күн сайын міндетті түрде ішу керек. Бір ескеретін жайт, әлгі соус (емдік дәріні) қолданған соң, біраз уақытқа дейін су немесе басқа сусындарды
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Үй жағдайында диабетке қарсы ем қолдануға бола ма екен?Асан, Глубокое ауданы
Жауап:Үй жағдайында бұл дертке ем қолдануға болады. Төмендегі ұсынылып отырған емді қолдануға болады. Дегенмен де дәрігеріңізмен ақылдасып жасаған жөн.Әрине, бұған сену қиын. Бірақ маған қан құрамындағы қанттың мөлшерін азайту үшін шикі жұмыртқа мен лимон көмектесті. 3 күн бойы күнде таңертең ашқарынға 1 лимон шырынын сығып алып, оны 1 шикі жұмыртқамен араластырып коктейль ретінде ішіп жүрдім.Осыдан кейін 1 сағат бойы ешнәрсе жеген жоқпын. 3 сағаттан соң анализ тапсырғанымда нәтижесіне сенер-сенбесімді білмедім: коктейль ішкен
...
Толығымен (Подробнее)»
| |