Досбол мен Бала би бір үйде түстеніп отырса керек. Үй иелері түстікке сүтке күріш бұқтырып, үстіне сары май салып әкеліп қояды. Бала би сонда сары майды өз жағына қарай жақындатуды ойлап: -Досеке жасымыздан бірге өскен егіз еді. Атам өлді-келмедің, шешем өлді-келмедің,-деп күрішті бетінен өзіне қарай екі жол тартып қояды. Жолдасының қулығын сезе қойған Досбол: -Рас-ау, мен сені ұмытайын деп жүр деймісің. Жүргіншілік көп. Ел іші ұйқы-тұйқы болған кез ғой,-деп сары май мен күрішті араластырып жіберіпті. М. Қазбеков
|