Келген дәулет, Кеткен бейнет.
Етікті нәл сақтайды, Жігітті әл сақтайды.
Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
Қолы қимылдағанның, Аузы қимылдар.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Киіз кімдікі болса, Білек сонікі.
Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Еңбексіз іс бітпейді, Еріншектің қолы жетпейді.
Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер.
Ердің атын еңбек шығарар.
Жүйесін тауып жұмыс қыл, Жерін тауып тыныс қыл.
Шыдамды еңбек, алғыр ой- Анық досың біліп қой.
Күшіңе сенбе, Ісіңе сен.
Адыра қалды бақ, дәулет, Еңбек енді шын дәулет.
Аз да болса, саз болсын.
Түйменің инесіз күні жоқ.
|