Елден бөлектеніп бір кісі отырады екен. Ешкіммен араласпайды. Сол кісі Шілменбетті үйіне шақырса ол бармапты. Себебін сұрағанда былай деп жауап беріпті. -Бір үй-оба, екі үй-шола, үш үй-жоба, төрт үй-қоғам, бес үй-той думан, елге қосылса қой соймай қоян сойса да құрметті қонағы болам,-депті (бұл аңыз-әңгімелер Шымкентте тұратын М. Рүстемов жинаған деректерден алынды).
|