Басы өткен шығарылымда… Жалғасы… Жаңа туған сәбиді анасы алғаш рет перзентханада көреді. Сәбидің сырт келбеті ата-ананы таң қалдыруы, тіпті шошытуы да мүмкін. Оның беті ісінген, кейде мыж-мыж, терісі қызғылт не сарғыш. Сәби денесін нәзік жұмсақ түк басқан. Сәби терісінің сарғыштығы-жаңа туған нәрестенің сарғаю белгісі. Оны дәрігер бақылауға алған болса, қауіптенетін түк те жоқ. Сарғаю осы кезеңде бауырдың бояғыш өт пегменті-билирубинді тым көп өндіруінен болады. Сәбидің шашы айтарлықтай қалың, ұзын болуы мүмкін. Бірақ көбіне шашы жоқ не өте сирек. Бұған таң қалмаңыз: әр сәби ағзасының өз ерекшеліктері болады, шашта тұрған түк те жоқ. Нәресте басының шеңбері әдетте 34-36 сантиметр. Басы денесімен салыстырғанда үлкендірек, ол дене ұзындығының ¼ бөлігін құрайды. Алайда уақыт өте келе бұл сәйкессіздік жойылады. Бас пішіні де әртүрлі болады: бірінің басы домалақ, екіншісінікі сопақ, үшіншісінікі ассиметриялы. Бас сүйегінің бет бөлігі шағын. Жаңа туған нәрестенің бас сүйегі бөліктерінің аралары ашық. Олардың арасында жұмсақ тіндер-еңбек (родничок) болады. Ең үлкен еңбек баланың маңдайының үстінде. Оған ақырын қол тигізсеңіз, ми тамырларының соғысын сезесіз. Осы еңбектің артында, қарақұс пен төбе сүйектері қосылатын жерде, пішіні ұшбұрышты кіші еңбек орналасқан. Жалғасы бар…
|